конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Магистратураға түсу үшін кешенді тестілеуге тіркел...

Магистратураға түсу үшін кешенді тестілеуге тіркелу басталды

Білім және ғылым 10.06.2022, 08:49 1,495
Магистратураға түсу үшін кешенді тестілеуге тіркелу басталды
Сурет: Inform.kz

Магистратураға түсу үшін кешенді тестілеуге қатысуға өтініштер қабылдау басталды.


Тіркеу ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайтында 15 шілдеге дейін жүргізіледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Үміткерлер білім беру бағдарламалары тобы, тестілеуді өткізу тілі мен орнына өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін өзгерістер енгізе алады. Тестілеу күні туралы ақпаратты үміткер жеке кабинетінен алады. Ал, кешенді тестілеу 20 шілдеде басталып, 10 тамызға дейін жалғасады.


Белгілі бір білім беру бағдарламасына құжаттарды тапсырар алдында талапкерлер университеттің қабылдау комиссиясымен кешенді тестілеудің форматы және таңдалған білім беру бағдарламасы тобының мамандығына сәйкестігі туралы кеңесуі қажет. Кеңесті университеттің виртуалды қабылдау комиссиясынан да алуға болады. 2022-2023 оқу жылына арналған магистратураға 13 мыңнан астам грант бөлінген. Ғылыми-педагогикалық магистратураға түсу үшін шекті балл – 75, мамандандырылған магистратураға – 50 балл.



«Кешенді тестілеу электронды форматта өткізіледі және үш бөліктен тұрады: шет тілі, оқуға дайындықты анықтау және білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тест. Оған 4 сағат беріледі. Шет тілін білу деңгейін растайтын халықаралық сертификаттары болса, үміткерлер шет тілінен тест тапсырудан босатылады», - деп түсіндірді ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.



Кешенді тестілеу нәтижелерімен келіспеген жағдайда, үміткерлер тестілеуден өткеннен кейін онлайн апелляцияға бере алады.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#магистратура #тестілеу #өтініш
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының Бостандық ауданының әкімі ашық meet-up өткізді

Кеше 19:00

Сайлауалды науқанда басты назар – еңбек адамы: партиялар мұғалімдерге, дәрігерлерге және өндіріс қызметкерлеріне не ұсынады?

Кеше 17:29

Арбатта «Сайлау» әуеге көтерілді: Алматы жастары сайлау туралы авторлық әнмен жарқын флешмоб ұсынды

Кеше 16:47

Тағы 1832 пәтер: Алматыда қоныс тойын тойлайтын тұрғындарға кілт табыстаудың екінші кезеңі өтіп жатыр

Кеше 13:53

Қостанай облысында еліміздің ең ірі аграрлық іс-шараларының бірі – «Қостанай дала фестивалі – 2026» өтіп жатыр

Кеше 12:16
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);