Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Магистратураға тапсырғандардың жартысы ғана шекті...

Магистратураға тапсырғандардың жартысы ғана шекті балл алған

Білім және ғылым 12.08.2025, 10:55 586
Магистратураға тапсырғандардың жартысы ғана шекті балл алған
Cурет: Egemen.kz

Биыл магистратураға түсу үшін 49 мыңға жуық адам тест тапсырды, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша талапкерлердің 50%-ы, бейінді бағыт бойынша 21%-ы шекті балл жинаған.

Ғылыми- педагогикалық бағыт бойынша орташа көрсеткіш 77 балл, бейінді бағыт бойынша 23 балл болды. Ең жоғары балл – 139.

"Кешенді тестілеу барысында 130 қатысушының нәтижесі жойылды. Оның ішінде 79 оқуға түсуші смартфон, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды алып өтуге тырысқаны үшін тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды", - деп жазылған хабарламада.

Кешенді тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 35 адам шығарылып, олардың нәтижелері жойылды. Тестілеуге кіргізу барысында 1 бөгде адамның тестілеуге кіру әрекеті анықталды. 15 адамның нәтижесі тестілеу бейнежазбасын тексеру нәтижесінде жойылды.

Ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша магистратураға түсу үшін кемінде 75 балл, бейіндік бағыт бойынша кемінде 30 балл жинау қажет.

Грант конкурсына құжат 12-18 тамыз аралығында қабылданды, ал грант иегерлерінің тізімі 25 тамызға дейін жарияланады.

Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттарды тапсыру қажет:
жеке куәліктің көшірмесі,
жоғары білімі туралы құжат (диплом және қосымшасы);
КТ сертификаты және шет тілін меңгергендігін растайтын халықаралық сертификаттар (бар болған жағдайда).
075/у нысанындағы медициналық анықтаманы жоғары оқу орнына түскенде тапсырады.

Құжаттарды тапсыру кезінде оқуға түсуші білім беру бағдарламаларының бір тобын және үш жоғары оқу орнын көрсете алады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#магистратура #Балл
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Бүгін 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Бүгін 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Бүгін 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Бүгін 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Бүгін 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика