Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Магистратураға 7 мыңға жуық өтініш берілді - БҒМ

Магистратураға 7 мыңға жуық өтініш берілді - БҒМ

Білім және ғылым 25.11.2021, 03:35 2,025
Магистратураға 7 мыңға жуық өтініш берілді - БҒМ
inform.kz

Екінші қабылдау қорытындысы бойынша магистратураға 6 778, докторантурада оқу үшін 700-ден астам өтініш берілген, деп хабарлайды almaty-akshamy.kzт Білім және ғылым министрлігіне сілтеме жасап.



«Үміткерлер жылына екі рет магистратура мен докторантураға құжат тапсыра алады деген шешім қабылданған. Бұл жаңалықты қандай да бір себептерге байланысты алғашқы қабылдау науқанында өтініш беруге мүмкіндігі болмаған мыңдаған қазақстандық қуанышпен қарсы алды. Енді тестілеуді сәтті тапсырған 7 мыңға жуық үміткер жазғы қабылдау қорытындысы бойынша артық қалған гранттарды жеңіп алады», – деп атап өтті Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев.



Айта кетейік, магистратураға кешенді тестілеу және докторантураға түсу емтихандары 2-11 желтоқсан аралығында өткізіледі. TOEFL ITP тестінің нәтижелерімен докторантураға түсушілер ағылшын тілін білуге арналған қосымша тест тапсырады. Ол емтиханын тапсырғанға дейін өткізіледі. Тест тапсырмасы жалпы 100 сұрақтан тұрады.


Ведомствоның мәліметінше, ағылшын тілін білуге арналған қосымша тестілеу «өтті» немесе «өткен жоқ» нысанында бағаланады.


«Өтті» бағасын алу үшін кемінде 75 балл жинау керек. Ағылшын тілін білу деңгейін тексеру, кешенді тестілеу және қабылдау емтихандары өңірлік тестілеу орталықтарында жүргізіледі.


Білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттар 2021 жылғы 25 желтоқсанға дейін қабылданады. Бұл ретте магистратураға және докторантураға қысқы қабылдау 2021 жылғы 2-11 желтоқсан аралығында өткізілген тестілеу және түсу емтихандарының нәтижелері бойынша жүзеге асырылады.


Магистратура мен докторантураға қабылдау 2021 жылдың 26 желтоқсаны мен 2022 жылдың 10 қаңтары аралығында өтеді.




Телеграм арнаға жазылыңыз
#магистратура #докторантура #үміткер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Бүгін 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Бүгін 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Бүгін 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Бүгін 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Бүгін 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика