Мәдениет тазалықтан басталады

Мәдениет тазалықтан басталады Суреттерді түсірген - Самат Құсайынов

Театр гардеробтан басталатыны сияқты, адамның мәдениетін де оның тазалыққа деген көзқарасы айқындайды, деп есептейді «Алатау» дәстүрлі өнер театрының әртістері.

Бүгін Алатау ауданындағы кешенді сенбілік аясында Саин мен Момышұлы көшелерінің арасында орналасқан Мөңке би сквері тазартылды. Театр ұжымы мен аудан әкімдігі өкілдері сенбілікке жұмыла кірісті.

Сенбілікке қатысушылар жұмысқа  көтеріңкі көңіл-күймен ынталана кірісті.

– Бүгінгі сенбілік аясында ағаштардың санитарлық қырқылуы да жүргізілуде. Біз бұл шараға «Алатау» театрының қызметкерлерін арнайы шақырдық. Сонымен қатар, сенбілікке қолғап, бояу, сыпырғыш сияқты қажетті құралдарды ұсынған мердігер ұйымдар да атсалысуда. Мұндай экологиялық акциялар ауданымыз үшін өте маңызды, – деді Алатау ауданы абаттандыру бөлімінің бас маманы Мадияр Әбуев.

Театр әртістері санаулы сағат ішінде үлкен жұмыс атқарды: орындықтарды бояды, ағаштарды әктеді, қоршауларды жуып, қысқы суықтан сақтаған жапырақтарды жинап, скверді мұқият тазалады.

– «Алматы – біздің ортақ үйіміз» сияқты керемет акцияның арқасында біз қаламызды таза ұстап, оны абаттандыруға өз үлесімізді қосамыз. Қала тұрғындары сенбіліктерге қуана қатысады – ағаш отырғызып, көшелерді тазартады. Барша алматылықтарды осы акцияға қосылып, азаматтық борышын орындауға шақырамын, – деді «Алатау» дәстүрлі өнер театрының әртісі Аяулым Құнанбай.

Сонымен қатар, сенбілік барысында сквер бойындағы ағаштар санитарлық қырқудан өтті.

– Республикалық «Таза Қазақстан» акциясы биыл екінші жыл қатарынан өтіп жатыр. Бұл бастама еліміз бен қаламыз үшін аса маңызды, себебі экологиялық мәселе бүгінде әлем бойынша бірінші кезекте тұр. Егер біз қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарамасақ, онда сүйікті қаламыз қалай гүлденбек? Қаланы таза ұстау – әрбір азаматтың міндеті деп санаймын. Қалада тәрбиеге қатысты проблемалар бар – мысалы, адамдар тауға барған соң қоқысын жинамай кетеді. Өкінішке қарай, көліктен қоқыс лақтыратындар да, жол бойына түкіретіндер де бар. Бұл – мәдениет деңгейінің төмендігін көрсетеді. Осындай іс-шаралар арқылы біз тек тұрғындарды тәрбиелеп қоймай, өзімізді де тазалыққа баулимыз. Мәдениет осындай кішкентай қадамдардан басталады. Сондықтан мұндай акциялар өте маңызды және қажет, – деді Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Алатау» дәстүрлі өнер театрының даму жөніндегі директор орынбасары Қарагөз Сүлейменова.

Айта кетейік, Алматыда көктемгі «Алматы – біздің ортақ үйіміз» атты тазалық науқаны республикалық «Таза Қазақстан» акциясы аясында биылғы сәуір айына дейін жалғасады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:34

16:45

16:20

15:21

14:35

14:18

14:11

13:36

12:57

12:33

12:13

11:35

11:03

10:24

09:35

08:47

21:32

21:23

21:19

21:10

20:59

20:55

20:47

17:45

16:57