AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Мәдениет қайраткерлері референдум туралы: конститу...

Мәдениет қайраткерлері референдум туралы: конституция қазақша сөйледі

Әлеумет 04.03.2026, 13:38 680
Мәдениет қайраткерлері референдум туралы: конституция қазақша сөйледі

Қазақстанның жаңартылған конституциясының жобасы саясаткерлер ғана емес, мәдениет саласындағылардың да назарын аударып отыр, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Олар заңның халыққа түсінікті әрі ашық бола түскенін бірауыздан айтып отыр.

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жеңіс Сейдоллаұлы жаңартылған құжат елдің даму жолын айқындайтынын айтады.

«Конституцияға енгізілген жаңа өзгерістер – біздің гүлденген болашағымызға жасалған қадам. Олар әділетті әрі құқықтық мемлекет құруға көмектеседі. Бұл реформа елді алға бастайтынына сенгіміз келеді».

Ол өзгерістер елдің жүйелі әрі әділетті дамып келе жатқанына азаматтардың сенімін нығайтуы тиіс екенін атап өтті.

Әсет Иманғалиев құжаттың мемлекет үшін стратегиялық маңызына назар аударды. Оның айтуынша, жаңа конституция ұзақ мерзімді даму мен құқықтық тәртіпті нығайтудың негізін қалайды:

«Жаңа конституция – әділетті әрі құқықтық ел құруды көздейді».

Заң тек ресми мәтін ғана емес, қоғам өміріне бағыт-бағдар беретін құжат болуы тиіс дейді.

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сәбит Әбдіхалықов тіл мәселесіне тоқталды. Бұрын орыс тілінен аударғанда, конституцияның қазақшасын көбі түсінбей жататын. Жаңа жобада осы жағы ескерілгенін айтады.

«Бұрын конституцияны зерделеу оңай емес еді, әсіресе орыс тілінен қазақ тіліне аударғанда тіпті қиындатып жіберген. Жаңа жобада бұл ескеріліп, енді құжат әр қазақстандыққа түсінікті болды».

Ол заңның түсініктілігі мен қолжетімділігі азаматтардың мемлекетке деген сенімін арттыруда маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

Жалпы алғанда, мәдениет саласының өкілдері жаңартылған конституцияны заңды қабылдауды жеңілдететін әрі мемлекеттік үдерістерді қоғам үшін ашық ететін құрал ретінде бағалайды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#мәдениет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы әкімі азаматтарды жеке мәселесі бойынша қабылдады

Кеше 18:42

Жүргізуші куәлігін алу емтиханының тәртібі өзгереді

Кеше 16:12

Қазақстан мен Камбоджаның үкіметтік делегациялары сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады

Кеше 16:00

Премьер-министр Хун Манет екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстардың айрықша сипатына назар аударды

Кеше 14:50

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Хун Манет кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді

Кеше 14:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);