AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / «Мәдени майдан»

«Мәдени майдан»

Мәдениет 14.05.2024, 13:03 1,034 Almaty-akshamy.kz
«Мәдени майдан»
Аlmaty-akshamy.kz

Ертең Алматы музейінде 18 мамыр – Халықаралық музейлер күні аясында көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, этнограф-ғалым Өзбекәлі Жәнібековтің өмірі мен қызметіне арналған «Мәдени майдан» атты көрме ашылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Көрмеде Ө.Жәнібековтің отбасынан алынған фотолар, архивтік құжаттар, еңбектері мен марапаттары, киімдері, жеке заттары, қолжазбалары, эскиздері, Алматы музейі қорынан Ө.Жәнібековтің үлгісі бойынша тігілген «Сазген сазы» ансамблінің алғашқы орындаушысының сахналық киімі, фотосуреттері, музыкалық аспаптар мен Әзірет Сұлтан Мемлекеттік тарихи-мәдени музей қорығының қорынан Ө.Жәнібековтің жеке заттары және т.б. ұсынылады. 

Ө.Жәнібековтің бастамасымен елімізде жүзге жуық музей мен этнографиялық залдар ашылып, «Сазген сазы», «Шертер», «Адырна», «Алтынай» фольклорлық-этнографиялық, ән-би ансамбльдері, театрлар, «Казреставрация», «Бірегей ысқымен ойналатын музыкалық аспаптардың мемлекеттік коллекциясы» құрылды.  Сондай-ақ, Ө.Жәнібековтің арқасында Ұлы даланың бірқатар ескерткіштері сақталды. Қалпына келтірілген ескерткіштердің қатарында Қожа Ахмет Яссауи, Тәжік, Қарахан, Айша-бибі, Ақ-ұйық және Бабаджа-Хатун кесенелері мен Жаркент мешіті және Отырар археологиялық ескерткіштері бар.

Ө. Жәнібековтің тікелей ықпалымен қазақтың төл мейрамы Наурыз қайта жанданып, қасиетті Тайқазан Қазақстанға қайтарылды. 

А.Байтұрсынұлы, М.Жұмабайұлы, М.Дулатұлы, Ж.Аймауытұлы,                                                  Ш.Құдайбердіұлының істерін қайта қарау комиссияны құрудың бастамашысы болды. Нәтижесінде  Алаш зиялыларының даңқты есімдері қайта тірілді.

Көрменің салтанатты ашылуында Ө.Жәнібековтің замандастары, қызметтес болған әріптестері, шәкірттері мен ұрпақтары қатысып, естеліктерімен бөліседі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Өзбекәлі Жәнібеков #Көрме #мәдениет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Жеңіс күніне арналған велошеру өтті

Кеше 18:12

ІІМ табиғи және тарихи нысандарды бүлдіруге қатысты ескерту жасады

Кеше 17:19

Бүгін Қазақстанда негізгі ҰБТ басталды

Кеше 16:57

Атырауда Қарабалиндер отбасының өлімі: күдікті кінәсін мойындады

Кеше 14:36

Алматы Gault&Millau-мен бірге өңірдің жаңа гастрономиялық астанасына айналып келеді

Кеше 12:36
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);