AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Лувр музейіне әлемдегі ең көне Құрандардың бірі қо...

Лувр музейіне әлемдегі ең көне Құрандардың бірі қойылмақ

Әлем 30.10.2022, 08:30 1,505
Лувр музейіне әлемдегі ең көне Құрандардың бірі қойылмақ
Сурет: Tonkosti.ru

Лувр музейіндегі көрмеге әлемдегі ең көне Құрандардың бірі – VIII ғасырда жазылған Катта Лонгар Құраны қойылмақ. Бұл туралы Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.





Көне Құран «Өзбекстан оазистерінің қазыналары. Керуен жолдарының қиылысында» деп аталатын көрме аясында Луврде тұңғыш рет көрсетілмек.


Көрме 24 қарашадан бастап келер жылдың 6 наурызына дейін ашық болады. Мұнда қабырға кескіндемелері, сарайлардың ойып жасалатын бөлшектері, сәндік-қолданбалы өнер бұйымдары сияқты әртүрлі жәдігерлер орналастырылады.


Барлығы 168 музей экспонатымен танысуға мүмкіндік бар: Өзбекстанның 13 музейінен жеткізілетін 137 бұйым, олар біздің дәуірімізге дейінгі V–VI ғасырларды, яғни Тимуридтер кезеңіне дейінгі заманды қамтиды. Сондай-ақ, әлемнің озық музейлеріне тиесілі 31 бұйым қойылмақ.


Еске салсақ, Өзбекстанда VIII ғасырдағы Құран кітабын қалпына келтіру жұмыстары аяқталып, ол реставрациядан кейін көпшілік назарына ұсынылған болатын. Ғылыми зерттеулерге сәйкес, Құран кітабы ұзақ уақыт бойы Өзбекстанның Қашқадария облысы Қамашин ауданындағы Лангар ота мешітінде сақталып келген. Мәдениет және өнерді дамыту қоры мен Өзбекстан Мұсылмандары діни басқармасы бірлесіп ұйымдастырған жобаға Францияның белгілі Лувр музейінің мамандары жұмылдырылды.






Телеграм арнаға жазылыңыз
#Лувр #Құран #музей
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Әлем көшбасшылары Тоқаевты туған күнімен құттықтап жатыр

Бүгін 12:24

Алматы облысында полицей әйелін көлікпен қағып өлтірді деген күдікке ілінді

Бүгін 11:11

Алматыда алдағы күндері ауа райы қандай болмақ?

Бүгін 10:31

Туған күнін тойламайтын Тоқаев

Бүгін 09:30

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);