AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / LRT желісі Алматы-3 жаңа вокзалынан әуежайға дейін...

LRT желісі Алматы-3 жаңа вокзалынан әуежайға дейін тартылады

Әлеумет 22.05.2023, 15:33 1,010 Almaty-akshamy
LRT желісі Алматы-3 жаңа вокзалынан әуежайға дейін тартылады
Сурет: Ашық дереккөз

Ең алдымен LRT Төле би көшесі арқылы өтеді


Бас жоспар қоғамдық көлік дәліздерінің қуатына қарай аумақтарды дамытуға бағытталған транзиттік-бағдарланған даму (ТБД) қағидатына негізделеді. Оны нақты іске асыру үшін магистральдық қоғамдық көлік БРТ, LRT, метро дәліздерін ұйымдастыру қажет, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Алматы қаласының жаңа Бас жоспарын әзірлеуші, көлік сарапшысы Роман Барабановтың айтуынша, ТБД қоғамдық көліктің қолжетімділігін қамтамасыз етуге және жеке автокөлікпен жүру қажеттілігін айтарлықтай азайтуға мүмкіндік береді.



«Метро, БРТ, LRT (жеңіл рельсті трамвай), сондай-ақ бөлінген жолақтар қаланың белгілі бір жерлерінде қалалық және аудандық маңызы бар көлік-ауыстыру тораптарымен (КАТ), жергілікті байланыстар деңгейінде өзара байланысты болады, сондай-ақ оларға мүмкіндігінше велоинфрақұрылым (веложолдар, веложолақтар) жеткізіледі. Сонымен қатар, КАТ бірқатар автобус маршруттарын оңтайландыруға мүмкіндік береді»,- деді ол.



Сарапшының сөзінше, толыққанды көлік-ауыстыру тораптары Алматы - 2 вокзалында пайда болады. Бұл Райымбек батыр метро станциясын қолжетімді етуге, қала маңындағы автобустардың бағыттарын Қонаев қаласына, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына электр пойызымен кетуге мүмкіндік бермек. Сондай-ақ Алматы -1 вокзалының жанында метроға ауысуға жағдай жасалады. Ал, ұзарған желінің өзі БРТ және LRT-мен түйісетін болады.


Сонымен қатар, сарапшы жеңіл рельсті жүрдек көліктер жобасы қалаға көптен бері қажет екенін айтты.



«Ең алдымен LRT Төле би көшесі арқылы өтеді. Содан кейін трамвай Орбита ықшам ауданына, тұңғыш президент саябағына, батыста «Барлық» автовокзалына, Боралдай индустриялық аймағына, Алматы-3 теміржол вокзалына (болашақта салу жоспарланған), мегаполистің төменгі жағымен әуежайға барады»,- деді ол.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#LRT #вокзал #әуежай
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);