AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Lost Frequencies Алматымен танысып, миллиондаған о...

Lost Frequencies Алматымен танысып, миллиондаған оқырманына әсерін айтты

Мәдениет Бүгін 09:37 33 yakiya
Lost Frequencies Алматымен танысып, миллиондаған оқырманына әсерін айтты

Алматыға әлемге әйгілі Are You With Me, Reality және Where Are You Now хиттерінің авторы, бельгиялық диджей Lost Frequencies келді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Өнерпаз оңтүстік астанаға First Fest фестиваліне қатысу үшін арнайы келіп, қала мәдениетімен, гастрономиясымен, табиғатымен және ерекше атмосферасымен танысты.

Almaty Tourism Bureau ұйымдастырған мәдени бағдарлама аясында ол «Көк базарды» аралап, қыран құстар шоуын көрді, қымыз бен бауырсақ сияқты ұлттық тағамдардан дәм татты. Әсіресе, Алматының таулы табиғаты мен көркем көріністер музыкантқа ерекше әсер қалдырған. Ол сондай-ақ дәстүрлі әшекейлермен көмкерілген ұлттық бас киімді киіп көріп, алған әсерін Instagram және Threads желілеріне жазды.

«Қазақстанға алғаш рет келуім… Алматыда керемет уақыт өткіздім», — деп жазды музыкант қала атмосферасы мен жылы қабылдауды ерекше атап.

Lost Frequencies қатысқан First Fest фестиваліне 7000-нан астам адам жиналды. Олардың қатарында Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей және өзге елдерден келген туристер болды.

Фестивальдің ең әсерлі сәттерінің бірі – өнерпаздың финалдық өнер көрсетуі болды. Lost Frequencies сахнаға алматылық FC Kairat футбол клубының жейдесімен шығып, сетінің соңын «Алматының түндерін-ай» әнімен аяқтады.

Әлем бойынша миллиондаған тыңдарманы бар музыканттың жарияланымдары Алматының туристік имиджін арттырып, қаланың халықаралық деңгейдегі танымалдылығын арттыра түсті.

Алматы Орталық Азиядағы оқиғалы туризм мен заманауи музыкалық мәдениеттің басты орталықтарының біріне айналып келеді. Ал 16 мамырда қалада Solana Fest фестивалі өтіп, оған Timbaland, Busta Rhymes, Nicole Scherzinger, Tyga, Flo Rida және Keri Hilson сынды әлемдік жұлдыздар қатысады. Бұл Алматыға халықаралық аудиторияның назарын тағы да аудармақ.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#диджей
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Ақтауда тұңғыш рет кітап жәрмеңкесі өтеді

Бүгін 10:38

Атыраулық спортшы Альфия Тілекқабыл Астанада өтіп жатқан халықаралық IBSA JUDO GRAND PRIX ASTANA 2026 турнирінде қола жүлдеге ие болды

Бүгін 10:22

Ибрагим Нұрмаханұлы пара дзюдодан Grand Prix турнирінің чемпионы атанды

Бүгін 10:07

Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтеді

Бүгін 09:52

Қазақстан ИСЕСКО Атқарушы кеңесі төрағасының орынбасары болып сайланды

Бүгін 09:10
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);