конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Лондонда Дулат Исабековтің Бөрте туралы пьесасының...

Лондонда Дулат Исабековтің Бөрте туралы пьесасының таныстырылымы өтті

Мәдениет 23.10.2022, 08:11 1,850
Лондонда Дулат Исабековтің Бөрте туралы пьесасының таныстырылымы өтті
Сурет: Inform.kz

Қазақтың жазушы-драматургі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Дулат Исабековтің Шыңғысханның жары Бөртеге арналған пьесасының әлемдік тұсаукесері Лондонда өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.






Қазақстанның Ұлыбританиядағы Елшілігінің ұйымдастыруымен, Еуразиялық шығармашылық гильдиясының (Лондон) қолдауымен «Бөрте, әлем патшайымы» қойылымының халықаралық таныстырылымы болды. Спектакль ағымдағы жылдың желтоқсан айында Мельбурн қаласында (Австралия) көрсетіледі, ал келесі жылы ұйымдастырушылар труппаның бұл спектакльымен Ұлыбритания мен АҚШ-қа гастрольдік сапарын жоспарлап отыр.




«Дулат Исабеков қазақ әдебиетінің ақиық классигі саналады, оның пьесалары Еуропа мен Азияда әлемнің көптеген тілдерінде қойылып, ал кітаптары жарты ғасырдан астам уақыт бойы сыншылар мен оқырмандардың мойындауына ие болуда.


Ғаламды дүрліктірген Шыңғыс ханның өмірінде үлкен рөл атқарған дана әйел Бөрте туралы осы қойылымда оның қиын өмірі мен ұлы жаулаушының тағдырындағы шешуші рөлі баяндалады», - деп жазылған Елшілік хабарламасында.



Спектакльді классикалық пьесаны музыкалық фрагменттері бар спектакльге айналдырған әйгілі австралиялық режиссер әрі композитор Уоррен Уиллс қоюда.


Мельбурндағы қойылымға көрнекті австралиялық мәдениет және өнер қайраткерлері, сондай-ақ әлеуметтік инклюзивті Жас әлем хоры қатысады.


Жоба Еуразия кеңістігіндегі халықтардың ұлттық мәдениетін ілгерілету мақсатын көздейтін британдық қоғамдық ұйым болып табылатын Еуразиялық шығармашылық гильдияның бастамасымен қолға алынуда. Аталаған ұйым 2015 жылдан бері әлемнің көптеген елдерінде халықаралық жобаларды сәтті жүзеге асырып келеді.







Телеграм арнаға жазылыңыз
#театр #Қойылым #Дулат Исабеков
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жер сілкінісін алдын ала анықтайтын жаңа орталық ашылды

Кеше 17:10

Аймағамбетовтен 6 кеңес

Кеше 16:10

Алматыда жатақханасыз қалған студенттерге көмектесетін орталық ашылды

Кеше 16:10

Алматыда Спорт күніне орай Red Bull Dance Your Style би баттлдары өтті

Кеше 15:08

Бес жылды айқындайтын бір күн: 23 тамызда неге шет қалуға болмайды?

Кеше 15:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);