AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда 32 мың жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береті...

Алматыда 32 мың жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін 170 инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр

Алматы Бүгін 10:32 56
Алматыда 32 мың жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін 170 инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр

Алматыда жалпы құны 2,7 трлн теңгеден асатын 170 инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Оларды іске асыру аясында 32 мыңға жуық жұмыс орнын ашу көзделген. Бұл туралы қалалық Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының өкілдері айтты.

2026 жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 1,69 трлн теңге болды. Инвестицияның басым бөлігі жылжымайтын мүлік, көлік және қоймалау, сондай-ақ ақпарат және байланыс салаларына бағытталды.

Almaty Innovation & Financial Zone (AIFZ) арнайы экономикалық аймағын дамыту жеке бағыттардың бірі болып қала береді. Қазір оның аумағында 2,3 мыңға жуық жұмыс орнын ашуды көздейтін 31 жоба жүзеге асырылып жатыр.

2026 жылы арнайы экономикалық аймақта алты жобаны іске қосу жоспарланған. Биыл аймақтың атауы Almaty Innovation & Financial Zone болып өзгертіліп, оның жұмыс істеу мерзімі 2049 жылы 31 желтоқсанға дейін ұзартылды.

Сонымен қатар қалада шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау жұмыстары жалғасып жатыр. Биыл осы мақсатқа 41,2 млрд теңге қарастырылған. Оның 26 млрд теңгесі жергілікті бюджеттен, ал 15,2 млрд теңгесі республикалық бюджеттен бөлінді.

Бұл қаражат 452 бизнес-жобаны қолдауға бағытталған.

Басқарма өкілдерінің мәліметінше, Алматыда 368 мың шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі жұмыс істейді. Олар өндірген өнім көлемі 5,1 трлн теңгеден асты.

Шағын және орта бизнестің қаланың жалпы өңірлік өніміндегі үлесі 52,1% болады. 2026 жылдың бірінші тоқсанының деректері бойынша осы салада 828,1 мың адам жұмыспен қамтылған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#инвестиция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Әлемдік БАҚ Тоқаевтың цифрлық экономикасы туралы: Қазақстан жасанды интеллект әлеуетін арттырып келеді

Бүгін 11:38

50 жылға шыдайтын көпір: Семейдегі жаңа өткелдің ерекшелігі неде?

Бүгін 11:28

Алматыда LRT құрылысы қалай жүріп жатыр?

Бүгін 11:23

«Бір көпірді бүкіл қазақ болып көтеріп жатырмыз»: Павлодарда көпір құрылысы жалғасып жатыр

Бүгін 11:17

Алматылықтар президенттің жолдауын талқылауға атсалысты

Бүгін 11:16
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);