Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / "Күз-2024" әскери қызметшілері мыңнан астам білім...

"Күз-2024" әскери қызметшілері мыңнан астам білім гранттарын алды

Әлеумет 02.12.2025, 12:40 321
"Күз-2024" әскери қызметшілері мыңнан астам білім гранттарын алды
Сурет: Gov.kz

Қазақстанда Қарулы күштердің беделін арттыруға және жастарды мерзімді қызмет өткеруге ынталандыруға бағытталған жобаны іске асыру жалғасуда. 

Үш мыңнан астам мемлекеттік білім беру гранттары, оның ішінде екі мыңнан астамы –"Көктем-2024", мыңнан астамы – "Күз-2024" әскерге алынып, 2025 жылы қызметін аяқтаған азаматтарға берілді, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Әскерден босатылғаннан кейін екі жыл ішінде қазақстандықтар азаматтық және әскери жоғары оқу орындарына ҰБТ тапсырусыз ақылы негізде оқуға түсе алады. Одан өзге конкурстық іріктеуден сәтті өткен Sarbaz 2.0 жобасына қатысушылар үшін мемлекет есебінен жоғары білім алу мүмкіндігі қарастырылған.

Гранттарды бөлудің ашықтығын Sarbaz 2.0 ақпараттық жүйесі қамтамасыз етеді. Мұнда жауынгерлік даярлық көрсеткіштері, тәртіп және әрбір әскери қызметшінің тестілеу нәтижелері тіркеледі. Іріктеу нәтижелері платформада жарияланады және бұл қатысушыларға өз деректерін өз бетінше тексеруге мүмкіндік береді.

2025 жылдан бастап мемлекеттік грант иегерлеріне қосымша стипендия, жатақхана және әскери кафедрада конкурстан тыс оқыту сияқты жеңілдіктер беріледі. Бұл офицерлік қызметке жол ашады.

Жоба іске қосылған 2023 жылдан бері мерзімді қызметтен өткен азаматтарға тоғыз мыңнан астам білім беру гранты бөлінді.

Грант иеленген «Күз-2024» әскери қызметшілерінің  тізімін мына сілтеме арқылы көре аласыздар

https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/article/details/205311?lang=kk 

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Әскери қызметшілер #Білім гранттары #жоба #іске асыру
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық оқушы БҰҰ-ны бағындырды: ауадан ауыз су және әлемдік мойындау

Бүгін 10:21

Ерекше баланың анасына еңбек өтілі жазылады

Бүгін 10:15

Тоқаев Израиль Президентін құттықтады

Бүгін 09:40

Алматыда «ЭКСТРИМ» цирктік шоуы көрерменге жол тартты

Бүгін 09:27

Алматыда бүгіннен бастап екі автобустың қозғалысы өзгереді

Бүгін 09:14
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика