Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
Референдум 00 күн 00 : 00 : 00
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Референдум 00 күн 00 сағ 00 мин 00 сек
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Курьер арқылы қаражат алған алаяқтар: Алматыда қыл...

Курьер арқылы қаражат алған алаяқтар: Алматыда қылмыстық топ ұсталды

Барлығы 27.01.2026, 17:42 220
Курьер арқылы қаражат алған алаяқтар: Алматыда қылмыстық топ ұсталды
smartik.ru

Алматыда құқық қорғау органдары интернет-алаяқтық пен несиелерді заңсыз рәсімдеу фактілеріне қатысы бар қылмыстық топтарды әшкерелеп, жалпы шығыны 300 млн теңгеден асатын қылмыстардың жолын кесті, деп хабарлайды Aqshamnews.kz тілшісі.

Тергеу деректеріне сәйкес, алғашқы эпизодта күдіктілер өздерін мемлекеттік орган және банк қызметкерлері ретінде таныстырып, негізінен қарт адамдарды алдап соққан. Олар азаматтардың пәтер сатудан түскен қаражатын және банк депозиттеріндегі ақшасын иемденген. Ақшаны беру фактілері жеткізу қызметтерінің курьерлері арқылы жүзеге асқан.

Екінші жағдай бойынша әлеуметтік осал топтағы адамдардың атына қайтарымсыз автонесиелер рәсімделіп, кейін көліктерді қайта сатып жіберген ұйымдасқан топ анықталған. Кей автокөліктердің Қазақстан аумағынан тыс жерге шығарылып, қайта сатылғаны айтылады. Қаржы ұйымдарына келтірілген шығын 66 млн теңгеден асқан.

Жедел-іздестіру және тергеу шаралары барысында 10-нан астам күдікті ұсталып, бір адамға іздеу жарияланған. Сондай-ақ ондаған тінту жүргізіліп, ақша қаражаты, қару, ұялы телефондар және құжаттар тәркіленген.

Алматы қаласының прокуратурасы азаматтарға ескерту жасап, мемлекеттік органдар мен банктер ақша талап етпейтінін, «қылмыстық іс» деп қорқытып немесе қоқан-лоққы көрсетіп қоңырау шалмайтынын мәлімдеді. Күдікті қоңыраулар болған жағдайда дереу құқық қорғау органдарына хабарласу қажет.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#курьер #құқық қорғау #Интернет алаяқтық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының ӨКҚ анимациялық жобасы Көрісу күні туралы баяндады

Кеше 22:27

Алматыда Defense Tech IT Park қорғаныс технологиялары орталығының таныстырылымы өтті

Кеше 21:20

Тоқаев Паралимпиада чемпионы Ербол Хамитовты құттықтады

Кеше 19:48

Тоқаев жастарға үндеу жасады: “Сіздер Қазақстан тарихында өз қолтаңбаларыңызды қалдыра аласыздар”

Кеше 19:29

Алтын медаль: Ербол Хамитов Паралимпиада-2026 чемпионы атанды

Кеше 17:27
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика