AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Керек кеңес / Күніне бес сағаттан аз ұйықтаудың зардабы қандай?

Күніне бес сағаттан аз ұйықтаудың зардабы қандай?

Керек кеңес 16.05.2025, 10:31 638 Әспет Дулатбекова
Күніне бес сағаттан аз ұйықтаудың зардабы қандай?
Сурет: © Depositphotos.com / stokkete
Ұйқының аздығы қант диабеті мен басқа да ауруларға әкелуі мүмкін
 
Ұйқы – денсаулық кепілі. Алайда заманауи өмір салты көп адамның жеткілікті демалуына кедергі келтіруде. Мамандардың айтуынша, тәулігіне бес сағаттан аз ұйықтау адам ағзасына айтарлықтай зиян тигізеді.
 
Ұйқы жетіспеушілігінің салдары
 
Невропатолог Владимир Мартыновтың айтуынша, күнделікті ұйқының аз болуы – ағза үшін ауыр күйзеліс. Бұл жағдай бірнеше бағытта денсаулыққа кері әсер етеді:
• Кортизол гормонының деңгейі артады;
• Зат алмасу процесі бұзылады;
• Иммундық жүйе әлсірейді;
• Есте сақтау мен зейін шоғырландыру қабілеті төмендейді;
• Жүрек-қан тамырлары аурулары мен қант диабетінің даму қаупі артады;
• Депрессия мен семіздікке бейімділік күшейеді.
 
Мартыновтың айтуынша, мұндай зиян уақыт өте келе жинала береді, ал демалыс күндері ұзақ ұйықтап, бұл кемшілікті толтыру мүмкін емес.
 
Ұзақ ұйқы да зиян болуы мүмкін
 
Сонымен қатар, Техас университетінің (Сан-Антонио) зерттеушілері түнгі ұйқының тоғыз сағаттан артық болуы да денсаулыққа кері әсер етуі мүмкін екенін анықтаған. Атап айтқанда, бұл когнитивтік функциялардың – ойлау, есте сақтау қабілеттерінің – әлсіреуіне алып келеді. Бұл әсер, әсіресе, депрессия белгілері бар адамдарда айқын байқалады.
 
Сапалы және жеткілікті ұйқы – дене мен ақыл-ойдың қалыпты жұмыс істеуі үшін маңызды. Ұйқы режимін сақтап, күнделікті 7–8 сағат ұйықтауға тырысу – ұзақ әрі салауатты өмірдің негізі.
Телеграм арнаға жазылыңыз
#аз ұйықтау #зардабы #Кеңес
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Аңыздар “тірілген” түн

Бүгін 21:36

Сөз зергеріне құрмет: Олжас Сүлейменовтің 90 жылдық мерейтойы аталып өтті

Бүгін 21:33

Олжас Бектенов Президенттің тапсырмасы бойынша Бакуде өткен World Urban Forum сессиясына қатысты

Бүгін 20:21

Алматылық спортшылар Орталық Азия чемпионатында 12 медаль жеңіп алды

Бүгін 20:17

Орталық Азия аймағына трансұлттық қылмыстық желінің қызығушылығы жоғары

Бүгін 17:42
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);