AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Нарық / Күнбағыс майы 56%-дан аса қымбаттаған

Күнбағыс майы 56%-дан аса қымбаттаған

Нарық 16.11.2021, 12:15 1,919
Күнбағыс майы 56%-дан аса қымбаттаған
Сурет: Тumba.kz

Күнбағыс майының бағасы бір айда 0,3%-ға, жыл басынан бері 30%-ға, ал бір жылда 56%-дан аса қымбаттаған.


Елімізде тазартылған күнбағыс майының өндірісі тұрақты түрде артып келеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Еnergyprom.kz сайтына сілтеме жасап.



2021 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында елімізде 131 мың тонна тазартылмаған күнбағыс майы өндірілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,4%-ға аз. Ал тазартылған май өндіру бірден 29,7%-ға өсіп, 109,8 мың тоннаға жетті.



Тазартылмаған күнбағыс майын өндіру көлемі бойынша Шығыс Қазақстан (98 мың тонна), Қостанай (10,5 мың тонна) және Ақтөбе (8,3 мың тонна) облыстары көш бастап тұр.


Өңделген күнбағыс майын өндіруден Шымкент (47,3 мың тонна), Шығыс Қазақстан облысы (40,4 мың тонна) және Алматы (17 мың тонна) көш бастап тұр.


2020 жылы елімізде 351,3 мың тонна күнбағыс майы өндірілген, бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 9,7%-ға артық.


Биылғы жылдың сегіз айының қорытындысы бойынша жергілікті компаниялар күнбағыс майына деген 75,6% сұранысты (ішкі нарықтағы сату және экспорт) 80,2%-ға қамтамасыз етті.



Импорттың үлесі тиісінше 19,8%-ды құрады. Жыл басынан бері елімізге 54,5 мың тонна май жеткізілді, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 12,1 пайызға аз. Экспортқа 58,5 мың тонна күнбағыс майы жіберілді, жылына 25,5%-ға азайған.



Ішкі сатылым 217 мың тоннаға жетті, бұл өткен жылмен салыстырғанда 23,8%-ға артық.



2021 жылдың қазан айында еліміздің дүкендері мен базарларында күнбағыс майының бір литрі 767 теңге болды, бұл бір жыл бұрынғыдан 56,2%-ға артық. Бір айда баға 0,3%-ға, жыл басынан бері 29,9%-ға өсті.



Еліміздің ірі қалаларының ішінде ең қымбат баға Атырауда (836 теңге), ең арзаны Петропавлда (664 теңге) болды.


Аймақтық тұрғыда жылдық динамикадағы баға БҚО-да бірден 71,7%-ға, Қостанай облысында – 70,9%-ға, Ақмола облысында – 69,8%-ға өскен.


Қазақстанда алдағы бір жарым айда күнбағыс майының бір литрі 100 теңгеге арзандауы мүмкін, деп хабарлады inbusiness.kz. Бұған Ресей мен Украинадағы күнбағыстың жоғары өнімділігі себеп болуы мүмкін.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #күнбағыс #баға #тонна
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «WorldSkills Almaty – 2026» ауқымды кәсіби шеберлік чемпионаты басталды

Бүгін 18:14

Дархан Сатыбалды Айнабұлақтағы көріктендіру жұмыстарын тексерді

Бүгін 15:15

Нұрлан Байбазаров Президенттің көмекшісі болып тағайындалды

Бүгін 14:14

Ерболат Досаев Президентінің Әкімшілігі басшысының орынбасары лауазымынан босатылды

Бүгін 14:11

Серік Сәпиев тағы бір лауазымға ие болды

Бүгін 13:20
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика