Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / «Күй күмбірі»

«Күй күмбірі»

Әлеумет 20.03.2024, 12:51 1,087
«Күй күмбірі»
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алматыда 50 мыңнан астам домбырашының қатысуымен «Күй күмбірі» республикалық челленджі өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Наурыз мерекесі аясында Алматының барлық білім беру ұйымында «Күй күмбірі» республикалық челленджі өтті. Іс-шараға Құрманғазының «Балбырауын», «Адай», «Сарыарқа» және т.б. күйлерін орындаған 50 мыңнан астам домбырашы қатысты. Алматы қаласы білім басқармасының мәліметінше, күйлер бір уақытта қаланың 215 мектебі мен 20 колледжінде орындалды.



«Мен бала кезімнен домбырада ойнаймын, бұл керемет музыкалық аспапты өте жақсы көремін. Домбырада ойнау балаларды ғана емес, ересектерді де тәрбиелеп, оларды қазақ халқының өнер тарихын білуге жол ашады. Челлендж аясында домбырада бірге ойнағанымыз керемет, шабыт береді. Бүгінгі іс-шараның наурызға орайластырылғаны қуантады, сондықтан алматылықтарға амандық пен молшылық тілегім келеді», - деді Ш.Уәлиханов атындағы №12 гимназияның жетінші сынып оқушысы Інжу Мәлібек. 


Челленджге № 12 қалалық гимназиядағы бірінші сыныптан сегізінші сыныпқа дейін 90 оқушы қатысты. Оқушылар мұқият дайындалып, белгілі күйлерді беріліп орындады.


«Біздің мектепте балалар домбыраны жақсы көреді, үнемі музыкалық үйірмелерге қатысады. Өтіп жатқан челлендж жастарды патриоттық тұрғыда тәрбиелеуге зор үлес қосады. Бала домбырасын арқасына асып, музыка әлеміне терең бойлайды. Қанша уақыт өтсе де, ол оның құндылықтарына адал болады. Сондықтан елімізде күн сайын ата-аналар біздің дәстүрлеріміз бен мұраларымызға байланысты музыкалық аспаптың шынайы құндылығын көбірек түсінеді», - деді Ш. Уәлиханов атындағы №12 гимназия директоры Қуаныш Жұмабекұлы.


161-ші лицейдің оқушылары мектепке кірер жерде көшеде домбырада ойнады. Әдемі кестеленген көк қамзолдар жас домбырашылардың тамаша орындауы көрермендерді қуантты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Домбыра #наурыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы Орталық Азиядағы басты тартымды бағыт ретіндегі орнын нығайтып келеді

Бүгін 11:53

Қазақстан әскерінде кадрлық ауыс-түйіс болды

Бүгін 11:48

"Өз архитектурасы жоқ ұлт – өз үйінде қонақ" - Елзат Мұқаш

Бүгін 11:24

Оқиғалы туризм Алматыға деген қызығушылықтың негізгі драйверіне айналып келеді — Mastercard деректері

Бүгін 11:04

Ресейлік блогер фотосессия үшін пілді қызғылт түске бояған: Жануар артынша өліп қалды

Бүгін 11:01
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика