AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Күй атасы - Құрманғазы

Күй атасы - Құрманғазы

Мәдениет 03.05.2023, 09:41 2,102
Күй атасы - Құрманғазы
Cурет: Almaty-akshamy.kz

Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында Құрманғазы Сағырбайұлының 205 жылдығына орай «Күмбірлеген күй атасы – Құрманғазы» атты концерті ұйымдастырылды.


Концертте опера және балет театрының жетекші әртістері мен Нұрғиса Тілендиев атындағы Мемлекеттік академиялық фольклорлық-этнографиялық «Отырар сазы» оркестрі қатысты.




«Күй ұлтымыздың үні мен сөзі болған, халқымыз дүниеге әкелген көркем құндылықтардың шыңы. Ал, Құрманғазы -  ұлттық мәдениет пен музыканы әлемдік деңгейге шығарған өнер иесі. Халқымыз үшін күй мен Құрманғазы есімі бір-бірімен астасып кеткен ұғым. Ол ұлтымызға, елімізге ортақ, адамзат мәдениетінің тарихында өшпес із қалдырған тұлға. Кеште Құрманғазының рухын асқақтатып, тыңдаушының жігерін оятып, серпілдіретін танымал күйлері орындалады. Ол күйлер – тағдырдың талқысына, өмірдің қаталдығына музыка арқылы берілген жауап, жанашырлығының белгісі», – дейді ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Нұржан Байбосынов.



Сонымен қатар, бағдарламада Ахмет және Ғазиза Жұбановтардың «Құрманғазы» операсынан ария мен дуэттер шырқалып, Базарбай Жұманиязовтың «Махамбет» операсынан ария, Нұрғиса Тілендиев, Дина Нұрпейісова, Евгений Брусиловскийдің шығармалары орындалады. Сондай-ақ, кеште опера солистері Талғат Күзембаев (ҚР Еңбек сіңірген әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты), Балапан Жұбаева (ҚР Еңбек сіңірген әртісі), Ильяс Артағалиев, Есенгелді Рза, Айдос Жабағин, Төлеген Рахымбаев өнер көрсетті.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Күй атасы #Құрманғазы #Концерт
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының арнайы мектептерінде инклюзияның жаңа тәсілдері енгізілуде

Бүгін 18:13

Абай университетінің ғалымдары мектеп оқушыларына сабақ берді

Бүгін 18:07

Мемлекет басшысы D.A.R. Metall AG басқарма төрағасы Кристиан Артнерді қабылдады

Бүгін 17:45

Алматы мен Астана Орталық Азия және Каспий өңіріндегі жетекші қалалар қатарына енді

Бүгін 17:45

Мемлекет басшысы Wilo Group компаниялар тобының басқарма төрағасы Оливер Герместі қабылдады

Бүгін 17:15
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);