Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Ойын-сауық / Креативті индустрия басқармасы қызықты онлайн шара...

Креативті индустрия басқармасы қызықты онлайн шаралар ұйымдастырмақ

Ойын-сауық 22.09.2021, 12:38 2,768
Креативті индустрия басқармасы қызықты онлайн шаралар ұйымдастырмақ
Сурет: Almaty-akshamy.kz

«Мансап күні», «Jas Stars» креативті іс-шарасы және «Almaty TikTok challenge» - Алматы креативті индустрия басқармасы ұйымдастыратын шаралар қатарында.


Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы қаласы креативті индустрия басқармасының басшысы Қайсар Сарыбаев айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Ол Алматыда «Almaty Creative Industries Forum-2021» бірінші креативті онлайн-форумы өтетінін, оның аясында акселерация мен креативті стартаптардың «Creaton» чемпионатын өткізу жоспарланғанын айтты. Күрделі эпидемиологиялық жағдайға байланысты шара онлайн түрде өтеді.


Сонымен қатар, креативті индустриялар басқармасы алматылықтардың Қала күнімен ерекше құттықтауларына арналған «Almaty TikTok challenge» байқауын бастады.


«Алматының танымал тиктокерлері байқауға қатыса бастады, олар қаланың әр жерінде бейнероликтер түсіреді, бұл қаланың туристік және мәдени әлеуетін дамытуға ықпал етеді», - деп атап өтті Қайсар Сарыбаев.


 Тикток кеңістік туралы айта отырып, Қайсар Сарыбаев осы әлеуметтік желінің арқасында алматылық цифрлық медиа жұлдыздарының бүкіл әлемге танымал екенін баса айтты. Мысалы, «хомяк» деген бүркеншік есімді Алина Ким - бүкіл ТМД аумағында ең танымал тиктокер. Ол әлемдегі үздік үштікте екінші орында.



 «Біздің қалада үлкен шығармашылық әлеует бар, мұнда креативті идеялар құратын талантты адамдар тұрады және жұмыс істейді. Оларға тек қаржылық тұрғыдан ғана емес, жалпы серпін беру қажет. Яғни, креативті орта, креативті кластерлер құру. Егер әр ауданда сіздің шығармашылығыңызды дамытатын орындар болса, онда креатившілердің саны геометриялық түрде артады», - деп сендірді Қайсар Сарыбаев.



Ол өз басқармасының басты міндеті тұрғындарымыздың өмір сүру сапасын жақсарту екенін атап өтті.



«Экономикалық әсерден басқа, креативті индустриялар маңызды мәдени және әлеуметтік құндылықтарды шығарады. Дәл осы жерде жалпы қоғамның дамуына әсер ететін мағыналар, материалдық құндылықтар мен тенденциялар туады», - деп жалғастырды спикер.



Айта кетерлігі, Алматыда «Мансап күні» және «Jas Stars» сияқты шығармашылық іс-шараларды онлайн-форматта өткізу жоспарлануда.


 


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #индустрия #креатив #тик-ток #басқарма #онлайн
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мүгедектігі бар 90 мыңнан астам қазақстандық республикалық референдумда қолайлы жағдайда дауыс бере алады

Бүгін 19:31

Референдум-2026: зағип жандар дауыс беру учаскелерінде жаңа Конституцияның аудио нұсқасына қол жеткізе алады

Бүгін 19:30

Республикалық референдумға дайындық: мүгедектігі бар адамдар үшін учаскелердің қолжетімділігі қамтамасыз етіледі

Бүгін 19:29

Қазақстандағы референдумды 38 елден және 11 халықаралық ұйымнан келген 359 байқаушы байқайтын болад

Бүгін 19:28

 400-ге жуық адам Sirius Energy қаржы пирамидасының құрбаны болды

Бүгін 17:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі