AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Көзілдірікті бала көбейді...

Көзілдірікті бала көбейді...

Медицина Бүгін 14:10 25
Көзілдірікті бала көбейді...

Қазіргі баланың сыртқа көп шыға бермейтіні, таза ауа жұтуға, күннің көзін көруге талпынбайтыны рас. Себебі, алаңдайтыны, ермегі – телефон, планшет, компьютердегі ойындар.

Ресми мәліметке сүйенсек, 2025 жылы елімізде 53 мыңнан астам оқушыға көз аурулары диагнозы қойылған. Оның ішінде 33 мыңға жуық балада миопия (жақынды көреді, алысты көрмейді) анықталған.

Бүгінде көзілдірік тағатын жастар санының артқанын да ешкім жоққа шығара алмайды. Ал экранға телмірген баланың көзі өткірлігін жоғалтып, алысқа қарау қабілетінен айырылатыны да дәлелденген. Осы тақырыпқа орай офтальмолог және офтальмохирург, Алматыдағы Балалар шұғыл медициналық жәрдем орталығы Офтальмология бөлімшесінің меңгерушісі Нұртас КЕҢЕСОВПЕН сұхбаттасқан едік.

 

– Нұртас Манарбекұлы, кейінгі жылдары көзілдірік тағатын бала көбейді. Нақты қандай аурулар жиі кездеседі? Оған басты «кінәлі» гаджет деп айтуға бола ма?

– Балалар арасында көру қабілетінің бұзылыстары, әсіресе миопияның жиі кездесетіні байқалады. Бірақ мұны тек гаджетпен байланыстыру дұрыс емес. Баланың көру қабілетіне бірнеше фактор әсер етеді: тұқым қуалаушылық, тым жақын отырып істейтін жұмыстың көп болуы, оқу жүктемесі, таза ауада жеткілікті уақыт өткізбеу және жалпы өмір салты.

Балалар офтальмологиясында біз тек миопиямен ғана емес, гиперметропия, астигматизм, амблиопия («жалқау көз»), қылилық, туа біткен және жүре пайда болған көз ауруларымен де жиі кездесеміз. Сондықтан «көздің басты жауы – телефон» деп бір ғана себепті көрсету дұрыс емес. Мәселе көбіне баланың жалпы көру тәртібі мен өмір салтында.

– Телефонға немесе теледидарға ұзақ қарау көзді бұза ма?

– Экранның өзінен гөрі, оны қалай пайдаланатыны маңызды. Телефонды тым жақын ұстап, ұзақ уақыт бойы үзіліссіз қарау көзге жақын көру жүктемесін түсіреді. Бала экранға қарағанда жыпылықтауды азайтады, соның салдарынан көздің құрғауы, ашуы, шаршауы, бас ауруы сияқты шағымдар пайда болуы мүмкін.

Сонымен қатар қазіргі балалардың маңызды мәселесі – экранның алдында тапжылмай отыратындықтан даланы ұмытады, сыртта болуды азайтады. Оның күнделікті өмірінде қозғалыс және ашық аспан астындағы белсенділік жеткілікті болуы маңызды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы да балалардың бір орында отыра бермей, әсіресе рекреациялық экран уақытын шектеуге және физикалық белсенділікті арттыруға шақырады.

Сондықтан ата-аналарға «телефонды мүлдем ұстатпаңыз» дегеннен гөрі, экранды дұрыс пайдалануды үйрету маңызды. Яғни, экранды көзге тым жақындатпау, ұзақ уақыт үздіксіз отырмау, үзіліс жасау, отырған бөлмені дұрыс жарықтандыру және күн сайын далада кемінде екі сағат жүру керек. Сондай-ақ баланың белсенді қимыл-қозғалыста болуын, дұрыс ұйықтауын, оқу мен демалыстың тепе-теңдігін қадағалау маңызды.

– Баланың «көзім ауырып тұр» деуі міндетті түрде көру қабілеті төмендегенін білдіре ме?

– Жоқ, олай емес. Жанардағы жайсыздықтың себебі көру өткірлігінің төмендеуі ғана емес. Көздің құрғауы, шамадан тыс көру жүктемесі, аккомодацияның бұзылыстары, дұрыс таңдалмаған көзілдірік, бас ауруы және басқа да жағдайлар себеп болуы мүмкін.

Бірақ бала көзіне байланысты шағым айтса, оны елемеуге болмайды. Әсіресе, шағым қайталана берсе, офтальмологқа көрсеткен дұрыс.

– Ата-ана қандай белгілерге назар аударуы керек? Баланың көзін алғаш қашан тексерткен дұрыс?

– Баланың көзіне қатысты ең үлкен қателіктің бірі – «өзі айтады ғой, көзі нашарласа байқалады» деп ойлау. Оның көру жүйесі балалық шақта қалыптасады. Осы кезеңде анықталмаған көру бұзылыстары кейін амблиопияға, қылилыққа немесе көру функциясының тұрақты төмендеуіне алып келуі мүмкін. Сондықтан ата-ана баласының теледидарға немесе телефонға тым жақын отырғанын; кітапты өте жақыннан оқитынын; алыстағы заттарға көзін сығырайтып қарайтынын; жиі басы ауыратынын; оқу кезінде тез шаршайтынын; бір көзін жауып қарайтынын; көзінің қиғаш орналасуын немесе бір көзінің «тайып» кетуін; алдындағы заттарға жиі соғылуын; мектептегі оқу үлгерімінің себепсіз төмендеуін байқаса, дабыл қағуы керек.

Ал кейбір балаларда көру қабілетінің айқын төмендеуіне қарамастан ешқандай шағым болмайды. Сондықтан көзді тексеру оның жасына қарай жүйелі түрде жүргізілуі керек. Мысалы, Халықаралық педиатриялық офтальмология ұсынымдарында нәресте кезеңінен бастап көруді және көздің жағдайын бағалау қарастырылады. Ал 5 жастан кейін көру скринингін 1–2 жыл сайын қайталау ұсынылады. Демек, офтальмологқа тек бала «нашар көремін» деген кезде емес, жасына сәйкес профилактикалық тексеруден өткізу маңызды.

Тағы бір маңызды мәселе – көзілдіріктен қорықпау керек. Көзілдірік тағу көзді «одан әрі әлсіз қылмайды». Керісінше, дұрыс таңдалған оптикалық түзету баланың қалыпты көру функциясын қамтамасыз ету үшін қажет.

Баланың көру қабілеті – оның оқуына, дамуына және болашақ өмір сапасына тікелей әсер ететін маңызды фактор. Сондықтан көз денсаулығына профилактика ретінде қараған дұрыс.

– «Бүгінде әрбір үшінші оқушы көзілдірік тағады» деген ақпарат қаншалықты рас? Сіздің бөлімшеде ең жиі жасалатын операция қандай?

– «Әрбір үшінші оқушы» деген нақты көрсеткішті Қазақстан бойынша бірыңғай эпидемиологиялық зерттеудің дерегінсіз нақты факт ретінде айтуға болмайды. Мұндай көрсеткіштер аймаққа, жасқа және зерттеу әдістемесіне байланысты өзгереді. Бірақ балалар арасында рефракциялық бұзылыстардың, әсіресе миопияның өзекті мәселеге айналып отырғаны анық.

Біздің бөлімшеге келетін балалардың арасында хирургиялық емді қажет ететін әртүрлі патологиялар кездеседі. Олардың ішінде қылилыққа байланысты операциялар маңызды орын алады. Сонымен қатар жарақаттар, көздің қосалқы аппаратының патологиялары және басқа да шұғыл жағдайлармен балалар түседі.

Балаларға жасалатын операцияны тек «көзді түзету» деп қарауға болмайды. Мысалы, қылилық кезінде операцияның мақсаты тек көздің сыртқы қалпын түзету емес. Біз мүмкіндігінше екі көздің бірге жұмыс істеуін, бинокулярлық көруді және баланың көру жүйесінің дұрыс дамуын сақтауды көздейміз.

– Қазіргі офтальмологияда қандай жаңа технологиялар қолданылады? Балалардың көз ауруларын анықтауда ЖИ мүмкіндіктері қандай?

– Қазіргі балалар офтальмологиясы бұрынғыдан әлдеқайда технологиялық салаға айналды. Бүгінде оптикалық когеренттік томография (ОСТ), компьютерлік рефрактометрия, кератотопография, ультрадыбыстық зерттеу, көздің алдыңғы және артқы сегменттерін жоғары дәлдікпен зерттейтін құрылғылар қолданылады. Ал жасанды интеллекттің мүмкіндігі өте қызықты. AI көз түбінің суреттерін талдау, белгілі бір патологияларға күдікті жағдайларды скрининг арқылы анықтау, миопия қаупін бағалау сияқты бағыттарда дамып келеді.

Бірақ бір маңызды нәрсені атап өткім келеді: AI дәрігер бола алмайды. Ол дәрігердің диагностикалық мүмкіндігін кеңейтетін құрал болуы керек. Соңғы диагнозды баланың шағымдары, анамнезі, толық офтальмологиялық тексеруі және зерттеу нәтижелерінің жиынтығы бойынша офтальмолог қояды.

– Озық мемлекттерде қолданылып жүрген, бірақ Қазақстанда әлі кең таралмаған қандай технологияларды енгізу маңызды?

– Менің ойымша, Қазақстан үшін ең маңызды бағыттардың бірі – балалардың көз ауруларын ерте анықтайтын технологияларды кеңінен енгізу. Әсіресе, нәрестелер мен балдырғандардың көру қабілетін объективті түрде скринингтен өткізу маңызды. Өйткені бала әлі сөйлей алмайтын немесе өзінің көруінің төмен екенін түсіндіре алмайтын кезеңде ауруды анықтау мүмкіндігі өте жоғары болуы керек.

Сонымен қатар шала туған нәрестелердегі ретинопатияны ерте анықтау және бақылау жүйесін жетілдіру, телемедицина мен цифрлық скринингті дамыту, балалардағы миопияны ерте анықтау және оның үдеуін бақылау технологияларын кеңінен енгізу маңызды деп ойлаймын.

Меніңше, болашақтағы негізгі бағыт – ауруды асқынған кезде емдеу емес, оны ертерек анықтап, баланың көру қабілетін жоғалтпай тұрып алдын алу.

Сұхбаттасқан Нұржамал ӘЛІШ.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#көзілдірік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қала күніне орай Алматыда «Үздік жасыл мектеп» байқауының 16 қатысушысы анықталды

Бүгін 14:13

Алматыда Denis Ten Memorial Challenge 2026 турнирі өтеді

Бүгін 13:49

Олжас Бектенов Президенттің медициналық ақпараттық жүйелерді біріктіру жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысын тексеріп, денсаулық сақтау саласындағы ЖИ шешімдерімен танысты

Бүгін 13:45

Ұлттық құндылық: жоғалып бара жатқан мұра ма, әлде жаңаша жаңғыру ма?

Бүгін 13:30

Алматыда физика және математика пәні мұғалімдеріне арналған байқау басталды

Бүгін 13:27
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);