Турнирді «Денис Тен қоры» қоғамдық қоры ұйымдастырады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
2026 жылғы 7-10 қазан аралығында Алматы қаласындағы Halyk Arena спорт кешенінде 2026/27 маусымындағы ISU Challenger Series халықаралық мәнерлеп сырғанау турнирлер сериясының VIII кезеңі - Denis Ten Memorial Challenge 2026 халықаралық мәнерлеп сырғанау турнирі өтеді.
Турнир биыл сегізінші рет өткізіледі және Орталық Азия мен Таяу Шығыстағы ISU деңгейіндегі мәнерлеп сырғанаудан өтетін жалғыз халықаралық жарыс болып қала береді. Challenger Series кезеңі мәртебесі жарыс нәтижелері ISU әлемдік рейтингіне есептелетінін білдіреді. Сонымен қатар спортшылар қарапайым халықаралық жарыстарға қарағанда көбірек рейтингтік ұпай жинай алады.
Санаттар. Жарыс ересектер (Senior) және жасөспірімдер (Junior) арасында үш спорттық дисциплина бойынша өтеді: ерлер арасындағы жеке сырғанау, әйелдер арасындағы жеке сырғанау, мұз үстіндегі би.
Қатысушылар. Жарысқа 25-тен астам елден шамамен 150 спортшының қатысуы күтілуде. Олардың қатарында АҚШ, Франция, Германия, Канада, Венгрия, Оңтүстік Корея және Жапония спортшылары бар.
Қатысушылардың түпкілікті тізімі өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін жарияланады.
Бағдарлама. 7-9 қазан - қысқа және еркін бағдарламалар;
10 қазан - қорытынды көрсетілімдер, марапаттау рәсімі және турнир жеңімпаздары мен шақырылған қонақтардың қатысуымен гала-шоу.
«Денис Тен қоры» қоғамдық қорының директоры Оксана Алексеевна Тен:
«Denis Ten Memorial Challenge әлемдік мәнерлеп сырғанау спорты үшін барған сайын маңызды оқиғаға айналып келеді. Қазақстан үшін мұндай халықаралық деңгейдегі турнирді өткізу үлкен маңызға ие және еліміздің имиджін нығайтуға ықпал етеді. Осындай жоғары деңгейдегі жарыстарды өткізу елдің халықаралық спорт қауымдастығындағы беделін арттырып, Қазақстанның спорттық әлеуетін танытуға мүмкіндік береді. Біз мәнерлеп сырғанау спортына деген қызығушылық арта түседі деп үміттенеміз және көрермендерді жарысқа шақырамыз. Жарысты тамашалау тегін болады. 7, 8, 9 және 10 қазан күндері кешкі уақытта шақырылған жұлдыздардың қатысуымен гала-шоу өтеді».
Аренаның сыйымдылығы - 3 207 орын. Жарыстың тікелей көрсетілімдері «Денис Тен қорының» ресми YouTube арнасында қолжетімді болады.
БАҚ өкілдерін аккредиттеу. БАҚ өкілдерін аккредиттеуге өтінімдер 2026 жылғы 1 қазанға дейін қабылданады. Өтінімде келесі ақпаратты көрсету қажет: ТАӘ, байланыс номер, БАҚ атауы, әкелінетін жабдықтар тізімі.
Анықтама
Денис Тен (1993–2018) - Олимпиада медалін жеңіп алған тұңғыш қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы. Ол 2014 жылы Сочи Олимпиадасында қола медаль иеленді. 2013 жылғы әлем чемпионатының күміс, 2015 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері, сондай-ақ 2015 жылғы төрт құрлық чемпионатының жеңімпазы.
Denis Ten Memorial Challenge турнирі 2019 жылдан бері өткізіліп келеді. Осы уақыт ішінде Қазақстанда жаңа мәнерлеп сырғанау мектептері мен әнерлеп сырғанау академиясы ашылып, спортпен айналысатындардың саны артты. Қазақстандық спортшыларға өз елінде халықаралық деңгейдегі жарыстарға қатысуға мүмкіндік пайда болды. Жыл сайын турнир трибуналарда 10 000-нан астам көрерменді жинап, әлеуметтік желілерде 500 000-нан астам қаралым жинайды.
ISU Challenger Series - Халықаралық коньки тебушілер одағы (ISU) ұйымдастыратын халықаралық турнирлер сериясы. Серия 2014 жылдан бері өткізіліп келеді және ұлттық жарыстар мен Гран-при кезеңдері арасындағы маңызды баспалдақ болып саналады.
БАҚ өкілдеріне арналған байланыс
Аружан Кожомбердиева, Denis Ten Memorial Challenge 2026 баспасөз қызметі
Тел.: +77472732001
E-mail: Kozhomberdievaaruzhan@gmail.com
Жоғары сападағы фотосуреттер мен логотиптер:
https://t.me/+DRNGySzXbPJhOTgy: https://t.me/+DRNGySzXbPJhOTgy
Ботагоз Алдонгарова: +77022104141