AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Көпбалалы отбасылар 304 млрд теңге жәрдемақы алды

Көпбалалы отбасылар 304 млрд теңге жәрдемақы алды

Әлеумет 18.10.2023, 05:18 827
Көпбалалы отбасылар 304 млрд теңге жәрдемақы алды
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Төлем мөлшері бала санына қарай есептеліп төленеді.


Жыл басынан бері көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақымен орта есеппен 539,6 мың отбасы жалпы сомасы 304 млрд теңге мөлшерінде қамтылды, оның ішінде қыркүйек айында 497,5 мың отбасына 31 млрд теңге мөлшерінде жәрдемақы төленді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.


Бұл мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады.


Төлем мөлшері бала санына қарай есептеліп төленеді. Көпбалалы отбасыларындағы:


- 4 баласы бар отбасыларға – 16,03 АЕК немесе 55 304 теңге;


- 5 балаға – 20,04 АЕК немесе 69 138 теңге;


- 6 балаға – 24,05 АЕК немесе 82 973 теңге;


- 7 балаға – 28,06 АЕК немесе 96 807 теңге;


- 8 және одан да көп баласы бар отбасыларға – әр балаға 4 АЕК немесе 13 800 теңге мөлшерінде.


Еске салайық, көпбалалы отбасыларға олардың табысын есепке алмай берілетін мемлекеттік жәрдемақы Қазақстанда 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тетіктерінде көзделген табысы аз және көпбалалы отбасыларды қолдаудың үш негізгі бағыты аясында енгізілген.


2023 жылғы 1 қаңтардан бастап балалы отбасыларға тағайындалатын мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері 8,5%-ға артқанын атап өтеміз.


 


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#төлем #жәрдемақы #бала
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы демалыс күнгі жәрмеңке

Бүгін 19:54

Алматы әкімі «Вечерний Алматы» газетінің журналистерін басылымның 90 жылдық мерейтойына орай мемлекеттік наградалармен марапаттады

Бүгін 19:50

Алматыда жөндеу жұмыстарына байланысты Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Бүгін 19:10

Стенд атудан Әлем кубогі кезеңінде Әсем Орынбай топ жарып, жаңа әлем рекордын орнатты

Бүгін 19:08

Астаналық оқушылар АҚШ-тағы әлемдік STEM жарысында топ жарды

Бүгін 19:04
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);