AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Конституцияның жаңа жобасындағы отбасы және неке н...

Конституцияның жаңа жобасындағы отбасы және неке нормалары талқыланды

Саясат 06.02.2026, 16:57 321 Дина
Конституцияның жаңа жобасындағы отбасы және неке нормалары талқыланды
сурет: Қазақстандық қоғамдық даму институтының баспасөз қызметі

Бүгін, 6 ақпан күні, Астана қаласында «SARAP» эксперттік клубының «Өзгерістер кезеңіндегі отбасы: әлеуметтік трансформацияға Конституция тұрғысынан жауап» атты отырысы өтті. Іс-шараны Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қазақстандық қоғамдық даму институты ұйымдастырды.

Талқыға ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның мүшелері, академиялық қауымдастық өкілдері мен сарапшылар, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдар мен Астана қаласындағы Отбасын қолдау орталығының өкілдері қатысты.

Жиын қатысушылары жаңа Конституция жобасына, оның ішінде неке, отбасы, ана, әке және бала мәселелерін реттейтін 30-бапқа қатысты ойын ортаға салды. Сарапшылар тақырыпты Қазақстан қоғамындағы әлеуметтік өзгерістер мен отбасы және туыстық қатынастардың трансформациясын көрсететін әлеуметтанулық зерттеулер негізінде талқылады.

Іс-шараға Қазақстандық қоғамдық даму институтының басқарма төрағасы Жұлдызай Ысқақова модератор болды. Ол жаңа Конституция жобасына отбасы және неке қарым-қатынастарын реттеуге бағытталған жаңа норманы енгізу неке институтының құқықтық мәртебесін анықтап, әлеуметтік өзгерістер жағдайындағы Қазақстан отбасына жаңа құндылық бағдарын белгілеуге септігін тигізетінін атап өтті. 

ҚҚДИ Отбасы және гендерлік саясат саласындағы зерттеулер орталығының басшысы Ақнұр Иманқұл Қазақстан отбасыларының әлеуметтанулық портреті туралы баяндама жасады.

«Қазақстанның отбасы институты дағдарыста емес, керісінше, әлеуметтік өзгеріс жағдайларына бейімделіп келеді. Бұл құндылық бағдарларын, гендерлік сезімталдықты және әлеуметтік-экономикалық қолдау тетіктерін ұштастыратын икемді, мақсатты әрі теңгерімді отбасы саясатын талап етеді», – деді сарапшы.

Әлеуметтану ғылымдарының докторы, ҚСЗИ бас ғылыми қызметкері Айгүл Забирова қазіргі уақытта отбасы институты әлеуметтік үдерістердің ықпалымен күрделене түскенін атап өтті.

«Бұрын қоғамдық дамудың негізгі бағдарлары урбанизация, индустрияландыру, жаппай білім беру және демократияландыру үдерістерімен айқындалса, бүгінде отбасының трансформация бағыттарын және некенің құқықтық анықтамасын қайта пайымдау қажеттігі туындап отыр. Осы тұрғыда жаңа Конституция жобасының 30-бабында некенің ер мен әйел арасындағы ерікті одақ ретінде бекітілуі құқықтық айқындықты қамтамасыз етіп, қазіргі қоғамдық сұраныстарға сай келеді», – деді сарапшы.

Ұлттық эксперт – демограф Аяулым Сағынбаева балалардың ата-анасының некеде болуы маңызды екенін әрі бұл балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететінін атап өтті. Сарапшының пікірінше, отбасы туралы нормалар ер мен әйелге ғана емес, ең бастысы, балалардың құқықтары мен әл-ауқатына бағытталуға тиіс.

Сондай-ақ іс-шара барысында отбасы институтының трансформациясы, мемлекеттің отбасы саясатын қалыптастыру мен іске асырудағы рөлі және конституциялық реттеу мен әлеуметтік практикалардың арақатынасына қатысты мәселелер қозғалды. Қатысушылар әлеуметтік маңызы бар институттарға қатысты конституциялық нормаларды талдағанда, эмпирикалық деректерді пайдалану  маңызды екенін де ерекше атап өтті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Конституция #Талқылау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Олжас Бектенов Президенттің тапсырмасы бойынша Бакуде өткен World Urban Forum сессиясына қатысты

Бүгін 20:21

Алматылық спортшылар Орталық Азия чемпионатында 12 медаль жеңіп алды

Бүгін 20:17

Орталық Азия аймағына трансұлттық қылмыстық желінің қызығушылығы жоғары

Бүгін 17:42

Мемлекет басшысы «Орталық Азия – Қытай» форматындағы елдердің ішкі істер және қоғамдық қауіпсіздік министрлерін қабылдады

Бүгін 17:40

Алматыда Орталық Азияның жаһандық геосаясаттағы рөліне арналған халықаралық дөңгелек үстел өтті

Бүгін 17:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);