AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Конституциялық реформалар  өз нәтижесін беруде

Конституциялық реформалар  өз нәтижесін беруде

Әлеумет 16.03.2024, 08:21 1,106
Конституциялық реформалар  өз нәтижесін беруде
Сурет: Inform.kz

Президент жанындағы Ұлттық Құрылтайдың мүшесі, Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің мүшесі Шаймардан Нұрымов Құрылтай хақында өз ойымен бөлісті.


Айта кетерлігі, өткен құрылтайлардың қорытындысы бойынша конституциялық реформалар жүргізілді. Біртіндеп жасалған өзгерістердің нәтижесінде халық билікке әлдеқайда жақындай түсті. Бүгінде қазақстандықтар үкіметтің, жалпы мемлекеттің жоспарларын жүзеге асыруға атсалысуда. Жүргізіліп жатқан реформалар олардың сұранысын ескере отырып жүргізілуде. Сонымен қатар, Президенттің басшылығымен біз Әділетті Қазақстанды құрып жатырмыз. Алғашында билікке деген сенімсіздік басым болған болса, бүгінде жаңа Қазақстанды құру қарқынды жүруде. Соңғы екі жылда көптеген оң өзгерістер болды. Мысалы, Парламент пен жергілікті ауыл әкімдерінің сайлауы өтті. Ендігі кезекте аудан, қала әкімдерін сайлау күтіп тұр. Мұның барлығы мемлекеттің ашықтығын және азаматтарға елді басқаруға өз үлесін қосу мүмкіндігін көрсететін елеулі өзгерістер.


Президент бірінші Құрылтайда әрбір ел азаматы өз ойын айта алатындай Qurultay қосымшасын жасау керектігін айтты. Соның нәтижесінде бүгінде жүзден астам Құрылтай мүшелері халық пен билік арасындағы алтын көпір іспеттес. Қосымшаны пайдалана отырып, әрбір қазақстандық билік органдарымен байланыс орнату арқылы экономиканы, мәдениетті және т.б. дамыту бойынша қажетті ұсыныстарын ортаға салуға мүмкіндігі бар.
Мемлекет басшысымыз ЮНЕСКО басшысын қабылдағанда бізде қандай тарихи және тарихи артефактілер бар екенін түсіндірді. Олардың көпшілігі ЮНЕСКО тізіміне енді. Бұл тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл Орталық Азия ғылымының дамуына серпін берді.


Тарихи мұрамызды сақтау жұмыстары жалғасуда. Мемлекет басшысының бастамасымен отандық және халықаралық 200-ден астам ғалым жеті томдық тарихи кітап әзірлеп жатыр. Сондықтан тарих – болашақтың іргетасы екенін ұмытпағанымыз жөн.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#құрылтай #Қазақстан халқы Ассамблеясы #Әділетті Қазақстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан құрамасы бокстан әлем кубогында 7 медаль жеңіп алды

Бүгін 18:58

Қазақстандық курсанттар математикадан ТМД олимпиадасында күміс жүлдегер атанды

Бүгін 18:54

Елордалық джиу-джитсу шеберлері Францияда топ жарды

Бүгін 18:48

ІІМ қызметкері стритлифтингтен Азия чемпионы атанды

Бүгін 18:44

Атырау әкімінің орынбасары Марат Мурзиев каратэден әлем чемпионы атанды

Бүгін 18:36
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика