AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Коньки спортынан әлем чемпионатының жүлдегері Алма...

Коньки спортынан әлем чемпионатының жүлдегері Алматы гарнизонында әскери борышын өтеп жүр

Барлығы 11.02.2026, 09:31 334 dulatbekova
Коньки спортынан әлем чемпионатының жүлдегері Алматы гарнизонында әскери борышын өтеп жүр
Сурет: Gov.kz

 Белгілі қазақстандық конькиші, жастар арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері және ел чемпионы Құдайберген Теміржанов бүгінде Алматы гарнизонындағы 78460 әскери бөлімінде мерзімді қызметін өтеп жүр, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

Спортшы Қарулы күштер сапындағы қызметін спорттық мансабымен қатар ойдағыдай үйлестіріп келеді. Ол әскери қызметшілерге кәсіби және цифрлық дағдыларын дамытуға, шет тілдерін үйренуге және жоғары дене дайындық деңгейін сақтауға мүмкіндік беретін «Сарбаз+» жобасы аясында қызмет етеді.

Қатардағы жауынгер Теміржановтың айтуынша, бұл жоба оған ағылшын тілін меңгеруге, IT бағыттарын және ұшқышсыз басқарылатын құрылғыларды басқаруды үйренуге, сонымен қоса әскери бөлімнің спорт залында ұдайы жаттығуға мүмкіндік береді.

Таңертең ерте тұру, саптық және атыс дайындығы, далалық жорықтар секілді қарқынды әскери тәртіпке қарамастан, әскери қызметші ортаға тез бейімделіп, пікірлес достар тапқан. Спорттағы тәжірибесін әріптестерімен бөлісіп отыратын ол әскердегі тәртіп кәсіби спорттағы талаптарға қатты ұқсайтынын айтады.

Құдайберген Теміржановтың спорттық жетістіктері қатарында коньки спортынан спорт шебері атағы, жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдесі, нео-сеньорлар арасындағы әлем кубогы кезеңдеріндегі жүлделі орындар, бұдан бөлек 2024–2025 жылдары Қазақстан чемпионаттары мен кубоктарында бірнеше мәрте жеңістер мен жүлделі орындар бар.

Қорғаныс министрлігі мұндай әскери қызметшілердің армияда борышын өтеуі кәсіби спорт, патриотизм және әскери борыштың үйлесімді ұштасуын айқын көрсетіп, жастарға үлгі болатынын әрі Қарулы күштердің беделін арттыруға ықпал ететінін атап өтті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Конькиші #сарбаз #әскери қызмет #спорт
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Дербес деректерді қорғау және ақпараттық қауіпсіздікті күшейту

Бүгін 19:27

Педагогтердің біліктілігін жүйелі арттыру және жасанды интеллект құзыреттерін дамыту

Бүгін 19:25

Жасанды интеллект педагогті қолдайтын құралы ретінде

Бүгін 19:21

Білім беруде жасанды интеллектті қолданудың бірыңғай стандарттарын енгізу

Бүгін 19:19

Шағын жинақты ауыл мектептеріне ерекше назар

Бүгін 19:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);