Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / АЭС: Референдум / Көмірмен жұмыс істейтін электр станциялары жабылып...

Көмірмен жұмыс істейтін электр станциялары жабылып жатыр

АЭС: Референдум 17.09.2024, 09:12 1,194
Көмірмен жұмыс істейтін электр станциялары жабылып жатыр
inkaraganda.kz

Қарағандыда бизнес өкілдерінің сұрақтарына жауап бере отырып, Мәжіліс депутаты Азат Перуашев АЭС жобасы жаңа жұмыс орындарын ашып, инженерлік инфрақұрылымның дамуына серпін беретінін мәлімдеді.

Атом энергетикасы ұзақ мерзімді перспективада электр энергиясының тұрақты бағасын қамтамасыз етеді, деп жазады inkaraganda.kz.

Бұл, әсіресе, Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыру және өнеркәсіптің дамуы үшін маңызды.

«Қазіргі уақытта еуропалық елдер «көміртек ізінің» проблемасына қатты алаңдауда, олар көмірмен жұмыс істейтін электр станцияларын біртіндеп жауып жатыр. Ал көмір станцияларынан өндірілген энергиямен шығарылатын тауарларға қосымша салықтар салынады. Бұл отандық өндірушілерге үлкен шектеулер қояды, олардың экспорттық өнімдері бәсекеге қабілетсіз болып, кірістері азаяды», – деп атап өтті Перуашев.

Оның пікірінше, қазақстандықтар әлемдік энергетиканың озық технологияларын қолдануы керек және заманауи ғылыми-технологиялық тәжірибелерді меңгеруі тиіс.

«Қазақстан өркениеттен артта қалмауы тиіс. Біз атом электр станциясын сала алмаймыз немесе білікті мамандар жоқ деген пікірмен мүлдем келіспеймін. Қазақстанда мыңдаған студенттер, оның ішінде шетелде де, атом энергетикасына қатысты мамандықтар бойынша білім алуда. Олар Өскемендегі Үлбі металлургиялық зауытында, Қытайға экспортталатын ядролық отын өндірілетін жерде, Алматыдағы Ядролық физика институтында, сондай-ақ Курчатовтағы Ұлттық ядролық орталықта тәжірибеден өтуде», – деп түсіндірді депутат.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Азат Перуашев #АЭС #инфрақұрылым
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Ғылыми мүмкіндіктер әлеуеті

Бүгін 11:36

Қазақстанның ғарыштағы жолы

Бүгін 11:07

ХҚКО-лардан тағы бір қызмет алынып тасталды

Бүгін 10:47

15 сәуірге дейін мобильді аударымдар тексеріледі

Бүгін 10:34

Әскердегі әлімжеттікті енді ЖИ қадағалайды

Бүгін 10:28
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика