Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / «Көлсай көлдері» ұлттық паркінде көп өзгеріс болад...

«Көлсай көлдері» ұлттық паркінде көп өзгеріс болады

Әлеумет 01.11.2023, 05:19 1,158
«Көлсай көлдері» ұлттық паркінде көп өзгеріс болады
almaty-akshamy.kz

Алматыда 2023 жылғы туристік маусымда «Көлсай көлдері» ұлттық паркінде не өзгергені айтылды


Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Көлсай Көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің басшылығы мен қызметкерлерінің қатысуымен баспасөз конференциясы өтті, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz


Қазіргі уақытта Төменгі Көлсай көлінде туристер үшін жағдай жасау мақсатында туристік маршрутты жайластыру бойынша жұмыстар жалғасып жатқаны, жаяу және атпен жүру маршруттарына бөлінген баспалдақ жолы орнатылатыны белгілі болды.
 
«Көлсай Көлдері» ұлттық табиғи паркі директорының орынбасары Хамит Ахметов атап өткендей, өткен жылы Төменгі Көлсай көлі мен Қайыңды көліне рекреациялық жүктемені азайту мақсатында ұлттық парктің инфрақұрылымын дамытудың бас жоспары әзірленді, оған жеке және заңды тұлғаларды конкурстық негізде қысқа мерзімді пайдалануға беру үшін ұлттық парктің учаскелері енгізілді.


2022 жылдың шілде және тамыз айларында Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығымен бекітілген ережелерге сәйкес туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру үшін ұлттық парктің жер учаскелерін инвесторларға бекіту бойынша конкурс өткізілді. Сол жылдың қыркүйек айында конкурс жеңімпаздарымен қысқа мерзімді пайдалану шарттары жасалды. Жалпы конкурсқа Саты, Құрмет шатқалында орналасқан ұлттық парктің учаскелері қойылды, сондай-ақ біркелкі рекреациялық жүктемені бөлу үшін Төменгі Көлсай және Қайыңды шатқалдарында орналасқан учаскелер қойылды.


Спикер, сонымен қатар, ұлттық саябақтағы туристік маусым мамыр – қыркүйек айларына есептелгенін хабарлады. Осыған байланысты инвесторлар тарапынан ұлттық парктің инфрақұрылымын жақсарту жұмыстары биыл, 2023 жылы басталды.




«Мысалы, Төменгі Көлсай көлі шатқалында жоғарғы автотұрақ ауданындағы учаскелерді пайдаланушылар (инвесторлар) сауда-жәрмеңке аймағы, қоғамдық тамақтандыру пункттері, қазақ халқының салт-дәстүрлері бар киіз үйлер орнатылып, сондай-ақ Алматы облысының туризмді басқару желісі бойынша ұлттық парк үшін Орталық Азиялық WWF бағдарламасының гранттық жоба есебінен қазақ ауылы салынды қосымша жеке дәретханалар мен қоқыс жәшіктері орнатылды», - деді Хамит Ахметов.



Қазіргі уақытта шетелдік және жергілікті туристердің Көлсайға келіп, қазақ дәстүрлері туралы білуге, жергілікті тағамдардан дәм татуға, этно-ауылға баруға тамаша мүмкіндігі бар.


Сонымен қатар, Төменгі Көлсай көлінен 12 шақырым жерде Саты ауылы орналасқан, онда қонақ үйлердің қызметтерін пайдалануға, жергілікті тұрғындардан қазақ халқының дәстүрлерін білуге болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#көлсай #парк #туризм
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды азаматтарды жеке мәселесі бойынша қабылдады

Кеше 17:46

«Дос-Мұқасан» алғашқылардың бірі болып қол қойды: Алматыда Гиннес рекордына ресми старт берілді

Кеше 17:26

ҚСЗИ-де жас сарапшылар жаңа Конституцияның негізгі жаңашылдықтарын талқылады

Кеше 17:19

Еңбек ұжымы жаңа Конституцияны қолдады

Кеше 17:12

Алматы бизнес қауымдастығы референдумды қолдады

Кеше 16:59
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі