AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Колледж студенттерінің шәкіртақысы көбейеді

Колледж студенттерінің шәкіртақысы көбейеді

Әлеумет 14.03.2023, 11:27 1,224
Колледж студенттерінің шәкіртақысы көбейеді
Сурет: Qarmaqshy-tany.kz

2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап колледж студенттерінің стипендиясын арттыру жоспарланып отыр.


Үкімет қаулысына енгізілетін өзгертулер жобасына сәйкес, Ашық НҚА порталында жарияланған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


        Атап айтқанда:



  • техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмысшы біліктіліктері бойынша оқитын студенттерге – 32 681 (қазір 21 787) теңге;

  • техникалық және кәсіптік (орта буын мамандарын даярлауды көздейтін), орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында білім алатын студенттердің мемлекеттік стипендиясы – 31 422 (қазір 20 948) теңге стипендия төленеді.


Стипендия мөлшерін арттыру бойынша қаражат көлемін республикалық бюджет комиссиясы қолдаған.


«Жалпы стипендия мөлшерін ұлғайту ел жастары үшін техникалық және кәсіптік білім берудің тартымдылығын едәуір арттырады, колледж студенттерінің әлеуметтік жағдайын жақсартады және техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау сапасының артуына әсерін тигізеді», - делінген қаулының түсіндірме жазбасында.


Еске салайық, Президенттің «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарында студенттер стипендиясының мөлшерін 2 есе ұлғайту қарастырылған.


Қаулы жобасы 30 наурызға дейін жария талқылауға ұсынылған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#шәкіртақы #студенттер #колледж
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жекелеген облыстарда жылыту маусымының басталуына санаулы күндер қалды: Олжас Бектенов әкімдерге дайындық жұмыстарын жеделдетуді тапсырды

Бүгін 13:45

Астанада Орталық Азия елдері мен АҚШ жасанды интеллект және цифрлық технологиялар саласындағы ынтымақтастықты талқылады

Бүгін 13:28

Алматыда жаңа экологиялық мәдениет қалай қалыптасып жатыр

Бүгін 13:23

Экологиялық күн тәртібіндегі сегіз жыл

Бүгін 13:20

Жергілікті бастамадан ауқымды жобаға дейін

Бүгін 13:15
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);