AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Көлікті 5 минуттан артық қыздырмау керек деген сөз...

Көлікті 5 минуттан артық қыздырмау керек деген сөз жоқ

Заң мен тəртіп 03.02.2025, 17:12 730 yakiya
Көлікті 5 минуттан артық қыздырмау керек деген сөз жоқ
Сурет: wesem-light.ru

ҚР ішкі істер вице-министрі Игорь Лепеха осылай деді.

Көлігін 5 минуттан артық қыздырғандарға айыппұл салынбайды, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Мәжілісте депутаттардың бірі машинаны жылытқаны үшін жазаға қатысты мәселені көтерді. Олар қазақстандықтарды шатастырмау үшін нормаларға түсініктеме беруді талап етті.

"Солтүстік аймақтарда қыста көлікті 5 минутта қыздыру мүмкін емес, қызбаған көлікті сындырамыз. Сынған көлікке ақша халықтың қалтасынан жұмсалады", - дейді депутат Нартай Сәрсенбаев.

Бұған жауап ретінде вице-министр Игорь Лепеха түсініктеме берді.

"Көлікті 5 минуттан артық қыздырмау керек деген сөз жоқ. Бес минут туралы сөз тоқтау немесе автотұрақ туралы айтылды. Мысалы, мен бір жерге барсам, бес минуттан артық тұрсам, міне, сол мәселе туралы айтылды. Механикалық көлік құралдары елді мекендерде оталып тұрса, егер бұл тұрғындарға қолайсыздық туғызса, тоқтап тұруға тыйым салынады. Онда да тұрғындардан шағым түскен жағдайда шара қолданамыз. Яғни, жүк көліктері тұрғындарға қолайсыздық тудырса, балаларға кедергі келтірсе, шара қолданамыз. Өткен жылы осындай үш шағым түсті, олардың бірі прокуратура тарапынан жойылды", - дейді Лепеха.

Вице-министрдің айтуынша, қоғамда дақпырт тудырған бұл мәселе түймедейді түйедей етіп көрсету.

"Көлікті қыздырғаны үшін айыппұл салынбайды. Егер қазір автотұрақ 10-15 минут тұрса, көлік кептелісін тудырады. Әсіресе, сауда үйлерінде, магистраль бойында. Менің ойымша, бұл проблема ойдан шығарылған. Біз депутаттармен бұл мәселені қарастырып жатырмыз, кез келген ұсыныстан бас тартпаймыз", - дейді Лепеха.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#көлік #ІІМ #Айыппұл
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтардың автонесиеге қызығушылығы төмендеді

Бүгін 12:15

Алматы Euronews эфирінде: халықаралық аудиторияға шаһардың туристік келбеті таныстырылды

Бүгін 12:12

Алматы GITF 2026 көрмесінде үздік мәдени туристік бағыт атанды

Бүгін 11:31

Алматыдағы Балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығында ЛОР-хирургияның жаңа бағыты іске қосылды

Бүгін 11:28

Салық қарызы бар азаматтар шетелге шыға алмайды

Бүгін 11:15
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);