AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Көкпар қауымдастығының Президенті сайланды

Көкпар қауымдастығының Президенті сайланды

Әлеумет 29.09.2023, 06:54 1,185
Көкпар қауымдастығының Президенті сайланды
almaty-akshamy.kz

Данияр Қобыландин Бүкіләлемдік Көкпар қауымдастығының Президенті болып сайланды.


Дүниежүзілік көкпар қауымдастығына Данияр Қобыландин басшы болды. Мұндай шешімді бірлестік мүшелері кезекті конференцияда ашық дауыс беру арқылы қабылдады, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz


Данияр Жаңабайұлы 1984 жылы дүниеге келген. ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының магистрі, Президент әкімшілігі мен Көлік министрлігінде жауапты қызметтер атқарған. 2013 жылдан бері еліміздегі беделді кәсіпкерлердің бірі болып саналады. 
Дене шынықтыру және спорт саласында мол тәжірибесі бар. 2018-2022 жылдар аралығында «Аударыспақ» федерациясының Президенті болып, нәтижелі еңбек етті.



«Үлкен сенім үшін баршаңызға алғыс білдіргім келеді. Мен қауымдастықтың қызметін жоғары деңгейге көтеру үшін барлық күшімді салып, мүмкіндіктерді пайдаланамын. 2024 жылы Қазақстанның астанасы Астана қаласында Дүниежүзілік Көшпенділер ойыны өтеді. Яғни, мойнымызда үлкен жауапкершілік тұр. Сондай-ақ, алдымызда ұлттық және дәстүрлі ат спорты ойындарын одан әрі дамыту бойынша үлкен міндеттер бар. Иә, түрлі елдерде ойынның атауы әртүрлі, бірақ ойын ережесі бірдей» - деді Қобыландин.



Сондай-ақ, форумда Венгрияның көкпар қауымдастығын (кобори) және Пәкістанның бузкаши федерациясын Дүниежүзілік көкпар қауымдастығының құрамына қосу туралы шешім қабылданды.


Айта кетейік, аталған жиынның екінші кезеңін 28 қазанда Алматыда өткізу жоспарланып отыр. Онда ұлттық және дәстүрлі ат спорты ойындарын одан әрі дамыту жөніндегі шұғыл міндеттер және Дүниежүзілік көкпар қауымдастығының Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселелері қаралады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#данияр #Қазақстан #көкпар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Наурыз – бірлік пен алғыс мерекесі: Алматыда ақ халатты абзал жандарға құрмет көрсетілді

Бүгін 20:32

Ғылым мен Конституция арқылы жаңа бағыт: Алматыда Қасым-Жомарт Тоқаев не туралы айтты

Бүгін 20:28

21 наурызда Түркі әлемі халықтарының көрме-жәрмеңкесі ашылады

Бүгін 20:23

Абай университеті Ұлыс күнін тойлады

Бүгін 18:53

Алматыда «Ауыл» партиясы Наурызға орай ерекше акция ұйымдастырды

Бүгін 18:35
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика