AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Көкөзектің оқушылары көшеде қалмай ма?

Көкөзектің оқушылары көшеде қалмай ма?

Әлеумет 22.09.2023, 06:51 2,448
Көкөзектің оқушылары көшеде қалмай ма?
Сурет: Almaty-akshamy.kz. 

Осылай деп дабыл қаққан ата-аналар редакциямызға хабарласты.


Алматы облысы, Қарасай ауданына қарасты Көкөзек мектебінің оқушылары мектепке тасымалдайтын автобусқа жарымай отыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz тілшісі.


Елтай ауылдық округіне қарасты Ақсеңгір, Көктоған ауылдары мен Огонёк, Союзпечать, Ақсұңқар саяжай бірлестігінде мектеп жоқ болғандықтан, осы аталған қоныстың оқушылары Көкөзектегі аядай мектепке қатынап оқиды. Ал осы балаларды тасымалдайтын автобустар өте ескі, сондықтан да жиі бұзылып, оқушылар сабақтан қалып қояды.




«Қазір күн суыта қойған жоқ, алдымыз қыс, сонда не болмақ? Үш балам да осы мектепте оқитындықтан автобустың жыры маған мәлім, ол автобустар аптасына бірнеше рет бұзылады да жатады. Бұл бірнеше жыл бойы қайталанып, әлі күнге шешімін таппай келе жатқан мәселе. Осы ауылдың тұрғыны ретінде Елтай ауылдық округінің әкімінен мәселемізді шешіп беруін сұраймын. Қаладағыдай скулбас бермесе де, жолда қалдырмайтын жаңа автобус берсін», дейді Ақсеңгір ауылының тұрғыны Айжан.



«Бұл жыл сайынғы жыр. Ауылымызда мектеп жоқ, мектеп салынады дегелі он шақты жылдың жүзі болды, әзірше балаларымыз автобустың азабын тартып жүр. Сағат 8-де болатын сабаққа баланы таңғы 7 болмай алып кетеді, сабағы біткен соң да баламыз үлкен сыныптың сабағы аяқталғанша күтіп далада жүруге мәжбүр, себебі автобус жетіспейді, бала саны көп. Барлық мәселені шешетін «еститін үкімет» бар кезде біздің жанайқайымызға да құлақ асатын құзырлы орын табылар деген үміттеміз», дейді Огонёк саяжай бірлестігінің тұрғыны, көп балалы ана Шырын.



Ата-аналардың айтуынша, Көкөзек мектебінде сабақ 3 ауысыммен, 6 күн оқытылады, оған үнемі бұзыла беретін автобустың жыры қосылып шаршатты деп отыр.
Біз құзырлы мекеменің жауабын есту үшін, әкімдікке қоңырау шалып едік, телефонға жауап берген хатшы қыз әкімнің кеңседе жоғын және жеке байланыс нөмірін бере алмайтынын айтты. Бірақ автобусқа жарымаған мектептің мәселесін алдағы уақытта да қозғайтын боламыз.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#мектеп #оқушы #әлеумет #қоғам #көкөзек
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Наурыз – бірлік пен алғыс мерекесі: Алматыда ақ халатты абзал жандарға құрмет көрсетілді

Бүгін 20:32

Ғылым мен Конституция арқылы жаңа бағыт: Алматыда Қасым-Жомарт Тоқаев не туралы айтты

Бүгін 20:28

21 наурызда Түркі әлемі халықтарының көрме-жәрмеңкесі ашылады

Бүгін 20:23

Абай университеті Ұлыс күнін тойлады

Бүгін 18:53

Алматыда «Ауыл» партиясы Наурызға орай ерекше акция ұйымдастырды

Бүгін 18:35
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика