AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / «Көк тудың желбірегені»

«Көк тудың желбірегені»

Әлеумет 04.06.2024, 16:21 835 Олжас Жолдыбай
«Көк тудың желбірегені»
Суретті түсірген - Қ.Қоныспаев

Мемлекеттік рәміздер күніне орай конференция өтті

Әлеуметтік қызметтер үйінде ҚР Мемлекеттік рәміздері күнін мерекелеу шеңберінде қоғам қайраткерлерінің, тарихшылардың, сарапшылардың, үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің және жастардың қатысуымен «Көк тудың желбірегені» тақырыбы аясында конференция ұйымдастырылды.

Іс-шара Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының қолдауымен өткізілді. Іс-шараның басты мақсаты – өскелең ұрпақтың бойында патриоттық сезімді тәрбиелеу, мемлекеттік рәміздерді насихаттау, азаматтардың өз елінің салт-дәстүрлеріне, тарихы мен мәдениетіне деген қызығушылығы мен құрметін сақтау.

Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибуттарының бірі. Мемлекеттік ту, Мемлекеттік елтаңба және Мемлекеттік гимн Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері болып табылады.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданды. Осы Заңға сәйкес жыл сайын 4 маусым Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні болып мерекеленіп келеді.

«Еліміздің тарихында Мемлекеттік рәміздер қоғамдық саяси мәдениеттің бір бөлігі бола отырып, әр уақытта бірлікке шақырудың, ұлттық мақтаныш пен патриоттық сезімді қалыптастырудың маңызды құралы ретінде қызмет атқарып келеді. Жас азаматтарымызды патриоттық тәрбиеге, қоғамның рухани бірлігін қуаттандыратын құндылықтарға баулитын негізгі құрал – Мемлекеттік рәміздеріміздің мәйегінде жатыр. Осының арқасында мемлекетіміз егемендігін алып, төрткүл дүниеге терезесі тең мүше болып қосылған кезден бергі Жас толқын буыны Отанына, Мемлекеттік рәміздеріне деген шынайы, пәк сый-құрметті тұла бойына терең сіңіруде», - деді Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының басшысы Айдар Есенбеков.

Сонымен қатар патриоттықттың ерен үлгісін көрсету, рәміздердің мән-маңызы туралы бірқатар ойлар айтылды. 

«Мемлекеттік рәміздер мемлекеттің белгісі. Жас ұрпақтың патриоттық сезімін арттыру маңызды. Біз жастар арасында, бабаларымыздың өткен тарихын ұғындырып, отансүйгіштік, алға ұмтылушылық сезімдерін күшейте берген абзал. Шын патриот болған әрбір қазақстандық Отанға қалтқысыз қызмет қылады деп білеміз. Сондықтан бәріміз рәміздерге құрметпен қарауымыз қажет», - деді Алматы қаласының ардагерлер кеңесінің төрағасы Ахан Бижанов.

Мемлекеттік рәміздердің түпкі мақсаты мемлекеттікті дәйектей түсетін айшықты белгі екендігіне мән берілді. 

«Біздің мемлекетіміздің рәміздерінің маңызына аса мән берген жөн. Дүниежүзілік саяси аренада туымыздың мәңгі желбіреп тұруын әрбіріміз қалаймыз. Сондықтан рәміздердің символикасының ұғымы айрықша болғаны аса құнды саналады. Қазақ елінің дербестігі мәңгі болсын», - деді саясаттанушы Асхат Қасенғали.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #Көк ту #Мемлекеттік рәміздер күні
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында полицей әйелін көлікпен қағып өлтірді деген күдікке ілінді

Бүгін 11:11

Алматыда алдағы күндері ауа райы қандай болмақ?

Бүгін 10:31

Туған күнін тойламайтын Тоқаев

Бүгін 09:30

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);