AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Көк ту мен шарларға көмкерілген сөрелер: елімізде...

Көк ту мен шарларға көмкерілген сөрелер: елімізде ерекше челлендж басталды

Барлығы 12.12.2025, 15:32 530
Көк ту мен шарларға көмкерілген сөрелер: елімізде ерекше челлендж басталды
Коллаж: aqshamnews.kz

Қазақстанда Тәуелсіздік күні қарсаңында әлеуметтік желіде де, ел дүкендерінде де ерекше патриоттық бастама қызу талқыланып жатыр. Астанадағы азық-түлік дүкенінен басталған челлендж бүгінде басқа да қалаларға жетті. Аqshamnews.kz тілшісі мереке қарсаңындағы тың дүниелерді тізді. 

4 мыңнан астам шар, мыңнан аса тумен безендірілген дүкен 

Тредс желісінде Астана қаласындағы азық-түлік дүкенінің суреттері тарады. Онда "Әзірет Маркет" атты қарапайым тұрғын үй кешеніндегі дүкеннің Тәуелсіздік күніне безендірілгенін байқауға болады.

"Әзірет маркет" дүкені Астананың оң жағалауында орналасқан. Дүкен иесі Темірхан Әшімұлы өз сауда нүктесін мыңдаған көк шар мен мемлекеттік тумен безендіріп, нағыз мерекелік атмосфера сыйлады. Бұл әрекеті көпшіліктің көңілінен шығып, өзге кәсіпкерлерге де үлгі болды.

"Бұл арқылы Тәуелсіздік күнін жай ғана ресми дата емес, ел болып сезінетін, мақтаныш пен шүкірлікке толы ерекше күн ретінде атап өтуді мақсат еттім. Әр қазақ үшін, әр қазақтандық үшін бұл күн қашан да елеулі орын алуға тиіс", - Темірхан мырза. 

Көп адам дүкен ішін фото-видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеп жатыр. 

Тугис қосымшасында да дүкенге жылы пікірлер қалдырып жатыр. 

 

Халықтың қолдауы мен Қоянбаевтың реакциясы

Бастама әлеуметтік желіде лезде тарады. Пайдаланушылар пікір қалдырып, Темірхан мырзаның азаматтық ұстанымын, патриоттық ниетін ерекше атап өтіп жатыр. Пікірлер бөлімінде:

"Балаларымызға нағыз патриотизм осылай көрсетілу керек", "Мерекенің рухын сезіндік", "Тәуелсіздік күні өтпей жатып, Жаңа жылға дайындалып кеткендерге үлгі болсын" деген сынды пікірлер жазылып жатыр. 

Белгілі продюсер Нұрлан Қоянбаев та бұл бастаманы қолдап, өзінің парақшасында атап өтіп, кәсіпкердің идеясын оң бағалады. Дүкен иесінің идеясына ризашылығын білдіріп, саудасын да жүргізіп кетті. 

Челленджге басқа дүкендер де қосылды

Темірхан Әшімұлының бастамасы жай ғана дүкеннің ішінде қалып қойған жоқ. Оның идеясын елуден астам адам бөлісіп, кей кәсіпкерлер бірден эстафетаны жалғастырып әкетті.

Бірнеше дүкен иелері:

  • өз сауда орындарын көк шарлармен, жалаушалармен, баннерлермен безендірді;

  • мереке қарсаңында келушілерге шағын сыйлықтар, жеңілдіктер қарастырды;

  • Тәуелсіздік күніне арналған арнайы фотозоналар ұйымдастырды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Тәуелсіздік күні #челлендж #Нұрлан Қоянбаев
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы академиясы көп балалы ананы қуантты

Бүгін 12:36

Алматыда ашық ота жасамай, жүрекке жоғары технологиялық ем жүргізілді

Бүгін 12:24

Қазақстандықтар Наурызда қанша күн демалады?

Бүгін 12:14

Алматыда алғаш рет мектеп директорларын іріктеу ашық форматта өтті: қоғам өкілдері процесті тікелей эфирде бақылады

Бүгін 11:47

Алматыда алғаш рет ұлттық киіммен мұз айдынында жаппай сырғанау өтеді

Бүгін 11:32
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика