AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / «КітапFest»: Алматыда әдебиет пен оқырманды тоғыст...

«КітапFest»: Алматыда әдебиет пен оқырманды тоғыстырған кітап жәрмеңкесі басталды

Алматы Бүгін 13:58 48
«КітапFest»: Алматыда әдебиет пен оқырманды тоғыстырған кітап жәрмеңкесі басталды

Алматыда Қала күнін атап өту аясында қалалық «КітапFest» кітап жәрмеңкесі басталды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Екі күнге созылатын мәдени іс-шараның алғашқы күнінде Арбат алаңында қала тұрғындары мен қонақтарына әдебиет әлеміне бойлау, жазушылармен жүздесу және жаңа кітаптармен танысу мүмкіндігі ұсынылды.

Биыл жәрмеңкеге 60-тан астам баспа қатысып, оқырмандар назарына түрлі жанр мен бағыттағы жаңа және таңдаулы басылымдарын ұсынды. Келушілер өз қызығушылығына сай кітап таңдап қана қоймай, отандық авторлармен кездесіп, әңгімелесіп, олардың шығармашылығы туралы пікір алмаса алады.

Жәрмеңкенің алғашқы күнінде белгілі ақын-жазушылармен әдеби кездесу өтуде. Кездесуге қатысушылар шығармашылық, кітап оқу мәдениетінің маңызы және қазіргі оқырман талғамы туралы ой бөлісіп, қонақтардың сұрағына жауап беруде.

Кездесу барысында жазушы әрі драматург Әлішер Рахат Алматы тұрғындарын Қала күнімен құттықтап, «КітапFest» жыл сайын оқырмандар мен жазушыларды, әдеби орта мен қала тұрғындарын тоғыстыратын маңызды мәдени алаң екенін атап өтті.

Жәрмеңкеге келген алматылықтар да ұсынылған кітаптар мен авторлармен кездесуге үлкен қызығушылық танытуда.

«Бүгін кітап жәрмеңкесіне арнайы келдім. Мұнда түрлі жанрдағы кітаптар өте көп екен, өзіме ұнаған бірнешеуін таңдап қойдым. Әсіресе отандық авторлармен кездесіп, олардың шығармалары туралы өз ауыздарынан есту қызықты болды», – деді алматылық студент Асылжан Бауыржанұлы.

Алматыда кітап оқуға деген қызығушылықты арттыруға және оқырман мен әдеби орта арасындағы байланысты нығайтуға бағытталған жобалар тұрақты түрде жүзеге асырылып келеді. «КітапFest» кітап жәрмеңкесі – осындай мәдени бастамалардың бірі. Мұндай іс-шаралар кітап оқу мәдениетін дамытуға, отандық әдебиетті насихаттауға және қаланың мәдени өмірін байытуға ықпал етеді.

Еске салайық, қалалық «КітапFest» кітап жәрмеңкесі 19–20 қыркүйек күндері сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін Арбат алаңында өтеді. Алматы тұрғындары мен қонақтары жәрмеңкеге келіп, оның бағдарламасына қатыса алады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Кітап жәрмеңкесі
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда 1000 жас суретші Қазақстан рекордын орнатты

Бүгін 14:30

Қала күнін атап өту аясында Алматыда бір алаңға 1000 жас суретшіні біріктірген ауқымды «Almaty: Bala.Art – Мың бала» балалар пленэрі өтті

Бүгін 14:30

Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына қатысты

Бүгін 14:15

Қала күні мен Дүниежүзілік тазалық күніне орай 50 мыңнан астам алматылық жалпықалалық сенбілікке қатысты

Бүгін 13:48

Алматының туған күні – Aportтың думанды күні

Бүгін 12:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);