AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Кітап - көңіл кілті / Кітап оқырманға өзі келді

Кітап оқырманға өзі келді

Кітап - көңіл кілті 14.08.2026, 15:43 13
Кітап оқырманға өзі келді

Кітап – адамзат білімінің қайнар көзі, ұрпақтар арасындағы рухани көпір. Бірақ қарбалас қала өмірінде көп адамдар кітапханаға арнайы барып, кітап таңдауға уақыт таба бермейді.

Жұмыс, оқу, күнделікті тіршілік күйбеңі оқуға деген ықыласты бірте-бірте ығыстырып жіберетіні жасырын емес. Сондықтан бүгінде кітапты оқырманға жақындатудың жаңа жолдары іздестірілуде. Кітапхана енді тек өз ғимаратымен шектелмей, адамдар көп жүретін орындарға – метроға, саябаққа, сауда орталықтарына ене бастады. Алматыда жүзеге асқан жаңа бастама да – осы қадамның бір көрінісі.

Жақында Алматының Жетісу ауданындағы «Адем» сауда орталығында қалалық кітапханалардың кітап беру пункті ашылды. Бұл – мегаполистегі сауда орталығында ашылған алғашқы осындай пункт. Жоба Мемлекет басшысының «Оқитын ұлт» бастамасы аясында, қала әкімінің тапсырмасымен жүзеге асырылды.

Ашылу салтанатына жазушы Нұрдәулет Ақыш, ақындар Бақыт Беделхан мен Мұратхан Шоқан, Серік Қали, Жетісу ауданы әкімінің орынбасары Жанасыл Сабырұлы, мәдениет саласының өкілдері мен тұрғындар қатысты.

Қаламгерлер жаңа пунктке өз шығармаларын сыйға тартып, оның қорын толықтырды. Жоба мақсаты – кітапты тұрғындарға қолжетімді ету, оқуға қызығушылықты арттыру және оқу мәдениетін дамыту.

Пункт қорында 2000-нан астам кітап бар. Ол сейсенбі мен жексенбі аралығында, сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді.

Қалалық кітапхананың №14 филиалының меңгерушісі Зарина Айдосқызының айтуынша, бұл – қолжетімді кітапханалық орта құрудағы маңызды қадам. Оның пікірінше, кітапхана енді тек өз ғимаратына байланып қалмайды, ал мұндай кеңістік жаңа оқырмандарды тартады.

Жаңалықты сауда орталығында жұмыс істейтіндер де жылы қабылдады. Көпшілігі енді жұмыс орнынан алыстамай-ақ, үзіліс кезінде қажетті кітапты алуға болатынына қуанышты екенін білдірді.

Бастама мұнымен тоқтап қалған жоқ. Көп ұзамай «Тастақ» шағынауданындағы «Асыл» сауда орталығында да осындай пункт ашылды. Оның қорында да көркем шығармалар, балалар әдебиеті мен танымдық дүниелерден тұратын 2000-нан астам кітап бар. Әкімдік қаланың басқа аудандарындағы сауда орталықтарында да осындай пункттер ашуды жоспарлап отыр.

Қазір Алматыда 39 кітапхана жұмыс істейді. Оның 30-ы – қалалық кітапхана, 7-уі тәулік бойы ашық. Сондай-ақ адамдар көп жүретін орындарда 32 автоматтандырылған өзіне-өзі қызмет көрсету кітапханасы орнатылған.

Сауда орталығындағы кітап сөресі – шағын болғанымен, мәні зор бастама. Ол кітапты адамға жақындатып, оқуды күнделікті өмірдің табиғи бөлігіне айналдыруға жол ашады. Сатып алу мен демалыс орнына айналған кеңістікте рухани азық та табылуы – қала мәдениетінің жаңа белгісі.

«Оқитын ұлт» идеясы ұранмен емес, осындай нақты қадамдармен жүзеге асады. Кітап қолжетімді болған сайын оқырман қатары да көбейе түспек.

Роза РАҚЫМҚЫЗЫ

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#кітап
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық музыканттарға Қытай нарығына жол ашылады: Алматыда халықаралық конференция өтеді

Бүгін 15:52

Қызылордада Президент Жолдауының басым бағыттары талқыланды

Бүгін 15:32

Алматының Жетісу ауданында өнеркәсіп өндірісі 8,5%-ға өсті

Бүгін 15:31

Берлинде Alatau City-ді дамыту бойынша 11 келісімге қол қойылды

Бүгін 15:30

Алматының Жетісу ауданында 1 520 оқушы орны ашылды

Бүгін 15:29
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);