конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / “Кірпіш жеткізіп беремін”: Астанада тұрғынды 1,3 м...

“Кірпіш жеткізіп беремін”: Астанада тұрғынды 1,3 млн теңгеге алдаған күдікті ұсталды

Заң мен тəртіп Бүгін 16:28 47
“Кірпіш жеткізіп беремін”: Астанада тұрғынды 1,3 млн теңгеге алдаған күдікті ұсталды
Pexels.com

Ақшаны алғаннан кейін күдікті жәбірленушімен байланысын мүлдем үзген, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Елордада полицейлер азаматтың сеніміне кіріп, құрылыс материалдарын жеткізіп беремін деген сылтаумен ірі көлемде ақшаны заңсыз иемденген күдіктіні анықтады.

Тергеу барысында белгілі болғандай, 44 жастағы елорда тұрғыны жәбірленушіге құрылысқа қажетті кірпішті қолжетімді бағамен және қысқа мерзімде жеткізіп беруге уәде еткен. Өзінің ұсынысына сендірген ол алдын ала төлем ретінде 1,3 млн теңгені жеке есепшотына аудартқан. Алайда ақшаны алғаннан кейін күдікті уәде еткен құрылыс материалдарын жеткізбеген. Біраз уақыт түрлі сылтау айтып, тапсырысты кейінге шегеріп жүрген. Кейін жәбірленушімен байланысын мүлдем үзген. Осылайша ол азаматтың сеніміне қиянат жасап, алаяқтық жолмен ірі көлемдегі ақшаны иемденген.

Жәбірленуші полицияға арызданғаннан кейін жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдіктінің жеке басы анықталды. Ол өз кінәсін мойындады.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Полиция азаматтарды сақ болуға шақырады. Құрылыс материалдарын немесе басқа да қымбат тауарларды сатып алу кезінде сатушының жеке басын, қызметінің заңдылығын және іскерлік беделін мұқият тексерген жөн.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Кітап оқыған адам – ойы озық адам

Бүгін 17:11

15 жасар алматылық Мария Холявко шахматтан Азия чемпионатының күміс жүлдесін жеңіп алды

Бүгін 17:02

Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығының объектілеріне техникалық турлар

Бүгін 16:40

16 жасқа толмағандардың әлеуметтік желіге тіркелуіне тыйым салынуы мүмкін

Бүгін 16:05

Ескі көлікке берілетін жеңілдіктердің мөлшері қандай?

Бүгін 15:31
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);