AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Кинолог-маман сенімді серігімен Алматының тыныштығ...

Кинолог-маман сенімді серігімен Алматының тыныштығын күзетіп жүр

Әлеумет 06.12.2024, 16:01 627
Кинолог-маман сенімді серігімен Алматының тыныштығын күзетіп жүр
aqshamnews.kz

Еңбек адамы

Бүгінгі әңгімеміз Ұлттық ұланның Алматыдағы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығында абыройлы қызмет етіп жүрген кинолог-маман, кіші сержант (топ бастығы), 5571 әскери бөлімінің 1-жедел мақсаттағы батальонының жауынгерлік қамтамасыз ету ротасының кинология қызметі мамандар тобының бөлініс бастығы Әліпбек Құрманбек жайлы болмақ.

Әліпбек Құрманбек Қарағанды облысының тумасы. 2018 жылдан бері алып мегаполисте орналасқан 5571 әскери бөлімінде қызмет етеді. Отан алдындағы борышын өтей салысымен, 2011 жылы келісім-шартпен 6505 әскери бөліміне қызметке орналасқан. Содан бері ұлт мүддесі үшін еңбек етіп келеді.

Ол ата-анасынан ізгілік, кішіпейілділік, мейірімділік, адамгершілік секілді қасиеттерін сіңіре білді. Сол кісілердің арқасында қанаты қатайды, Отанға деген сүйіспеншілігі артты. Жалпы, өмірде адамдардың имандылығын, ұқыптылығын бағалайды.

Бүгінде қарамағында алты әскери қызметшісі бар кинология тобын басқарып отыр. Осы жолды таңдағанына ешқашан өкінген емес. Ол қызметтік иті туралы айтқанда, тіпті жанып сала береді.

 

***

– Тоғыз жылдық қызметімде өзім жеке үйреткен үш итім болды. Қазіргі қызмет етіп жүрген итім – Ройя. Ол бельгиялық овчаркалардың малинуа деген түріне жатады. Кинолог болу – өте қызық кәсіп. Қызмет уақытымда өзіме бекітілген итімді жаттықтырамын, серуендетемін, күтіп-баптаймын, тұрған орнын тазалап, оның дұрыс тамақтануына көңіл бөлемін. Дегенмен, иттермен күнделікті жаттығу жасап тұру қажет. Біз жаттығудың көбіне ойын әдісін қолданамыз. Тәтті беріп еркелетеміз. Ит өте сезімтал келеді. Ол иесінің көңіл күйін сезіп тұрады. Иесіне өте адал. Қазіргі қызметтік итім осындай жаттығулардың арқасында еңбегімді ақтап, адал қызмет етуде. Бірнеше республикалық жарыстардан жүлделі орындарды иелендік, – дейді кинолог-маман.

 

***

Қылмыскерді ұстауда, жоғалған адамды іздеуде немесе есірткі заттарын табуда оның да иті мықты ізкесуші. Мәселен, бірінші иті Барыс әскерге 8 жыл қызмет етіп, «зейнетке» шыққан. Неміс овчаркасы қызмет еткен жылдары түрлі қылмыстардың ашылуына атсалысты. Алматыға ауысқанға дейін сол итпен қызмет атқарды. Жақсы жағынан көзге түсіп, жарыстардан үнемі жүлделі орындарға ие болатын. Ол қызметтік ит патрульдік ізге түсуші ит еді. Қызмет барысында адам өлтіру дерегі бойынша қылмысты ашқан. Барыс қылмыскерді сол қылмыс жасалған жерден 800 метр қашықтықта тығылып отырған жерінен тапты. Иесі екеуі әскер көлемінде өткен жарыстарға қатысып, алғыр ит ретінде талай жүлдені де жеңіп алды.

Ал Ройямен екі рет жарысқа қатысты. Екі жарыста да үшінші орынға ие болды. Олардың бағыты жарылғыш заттарды іздеу-тін. Одан кейін Рой есімді итпен топ бастығы болғанға дейін жұмыс істеді.

 

***

– Бұл иттер жарылғыш заттарды іздейді. Мұндай иттермен бірінші жұмыс істеген кезде біз итті алдымен күшік кезінен бастап таңдаймыз. Допқа қызығушылығы бар ма, типі қандай, соны ескереміз, іздейміз. Ол холерик пе, сангвиник пе, әуелі соны анықтаймыз. Екіншіден, үйрету барысында итті ойнату арқылы жұмыс істеп, оны қорқытып алмауға тырысамыз. Одан кейін жайлап иіске үйрету әдістерін қолданамыз. Ит бір жасқа толғаннан кейін жарылғыш заттардың иісіне қойылады. Мәселен, жарылғаш заттардың әртүрлі иісі бар. Төрт аяқты сенімді серік толық қызметтік ит болып саналу үшін 7-8 иісті толық сезіп ажырата білуі керек. Екі жастан кейін осындай күтіп баптау үйретулердің нәтижесінде ит қызметке дайын болады, – дейді Әліпбек Құрманбек.

 

***

Кинолог кейіпкеріміз өзіне әрдайым қолдау көрсетіп жүрген отбасы туралы да мақтанышпен айтып өтті. Жұбайы Ақбөпе Бегімбетова екеуі 2013 жылы шаңырақ көтерді. Қазір екеуі екі ұл, екі қыз тәрбиелеп отыр. Тұңғышы тоғыз жаста болса, кішісі сегіз айлық. Ата-анасы да үйдің ұйытқысы. Отбасында осындай береке-бірлік болғасын, түзде жүргенде көп алаңдамайды. Алматының тыныштығын күзетіп жүрген кинолог пен оның адал досы Ройяға әрдайым сәттіліктер серік болсын дейміз.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #кинолог #Тыныштық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Наурыз мерекесі құрметіне Панфилов көшесіндегі Сахнада «Ән қанатындағы Наурыз» атты дәстүрлі өнерде жүрген жас орындаушылардың ән кеші өтті

Бүгін 15:57

Алматылықтар Наурызды қалай қарсы алады?

Бүгін 15:27

Дәстүрдің экологиялық бейнесі: Алматыда қайта өңделген материалдардан жасалған ер-тоқым көрсетілді

Бүгін 15:22

Алматылықтарға арналған ерекше мүсін

Бүгін 14:03

Наурыз тойының шығуына байланысты аңыз-әфсаналар

Бүгін 13:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика