конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / Кімдер тісін тегін емдете алады?

Кімдер тісін тегін емдете алады?

Экономика 19.05.2024, 12:16 1,151 Nursok82
Кімдер тісін тегін емдете алады?
Almaty-akshamy.kz

Елімізде тіс емдеу қызметі ақылы, МӘМС қызметіне кірмейді. Десек те жекелеген санат өкілдері тісін тегін емдетуге мүмкіндік бар. Олар кімдер екенін білесіз бе? 

Жоспарлы стоматологиялық көмекті 18 жасқа дейінгі балалар мен жүкті әйелдер тегін алуына болады. Жоспарлы көмекке жақтың және тістің рентгенографиясы, пломба салу, ауырсынуды басу арқылы қарапайым және күрделі тісті жұлу кіреді.

Ал шұғыл стоматологиялық көмек мына санаттағыларға тегін көрсетіледі: 

18 жасқа дейінгі балалар;

жүкті әйелдер; 

ҰОС қатысушыларына және оларға теңестірілгендерге;

I, II, III, IV топтағы мүгедектерге;

"Алтын алқа" және "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған көпбалалы аналарға;

 Атаулы әлеуметтік көмек алушыларға;

Жасы бойынша зейнеткерлерге;

Жұқпалы аурулармен ауыратын науқастар.

Шұғыл стоматологиялық көмекті ерекше қажеттіліктері бар балаға күтім жасап, жұмыс істемейтіндер немесе бала кезінен I топтағы мүгедектер де тегін ала алады.

Азаматтардың жеңілдетілген санаты мемлекеттік емханада немесе лицензиясы бар және міндетті медициналық сақтандыру қорының қатысушысы болып табылатын кез келген стоматологиялық клиникада көмек ала алады. 2021 жылдан бастап мұндай стоматология емханадан жолдамасыз қабылдайды.

Аз қамтылған отбасылардан шыққан 6 жастан 12 жасқа дейінгі балаларға тіс-жақ ауытқулары (тістеу ақаулары және жақ микрогнатиясы), туа біткен жақ-бет патологиясы (жоғарғы ерін мен таңдайдың жырықтары) бар балаларға тегін ортодонтиялық көмек көрсетіледі.

МӘМС бойынша пациент жоспарлы немесе шұғыл стоматологиялық қызмет алу үшін емханаға да, жеке клиникаға да жүгіне алады. Клиника тізілімде болуы керек. Тіркеушіге қоңырау шалу, дәрігер қабылдауына жазылу және қай клиникаға тіркелгеніңізді хабарлау қажет. Сізді базадан тексереді және шынымен тіркеуде болсаңыз, онда қызметтер тегін көрсетіледі. МӘМС шеңберінде стоматологияға баруға лимит жоқ.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#тіс #дәрігер #денсаулық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

FlyArystan Алматы мен Сиань арасында тікелей әуе рейсін іске қосты

Бүгін 15:34

Теңге Қазақстанның ұлттық валютасы ретінде конституциялық мәртебеге ие болды

Бүгін 15:17

Тарихи сайлау – Президент Құрылтай сайлауын 23 тамызға тағайындады

Бүгін 15:13

Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков: Жаңа Конституция: жедел даму қалалары және Алатаудың бірегей экономикалық экожүйесін іске қосу

Бүгін 14:21

Алматыда жаңартылған конституцияның күшіне енуі қолдау тапты

Бүгін 14:15
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);