ffin.kz

«Киелі жолдың иесі – Райымбек»

«Киелі жолдың иесі – Райымбек» almaty-akshamy.kz

Алматы қаласы мәдениет басқармасының бастауымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Киелі жолдың иесі – Райымбек...» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті. Аталмыш іс-шараға қоғам қайраткерлері, Жазушылар одағының мүшелері, қазақ өнерінің майталмандары қатысты.


«Қазақ елінің азаттығы жолында күресіп, көзі тірісінде қол бастаған батыр, әулие атанғанған бабамыздың ерлігі мәңгілік ел есінде сақталатыны сөзсіз. Баһадүр бабамыз жайлы аңыз әңгімелерді тізбектеп айтсақ, бүгін бітпеспіз. Дегенмен ел құлағына әлі жете қоймаған оқиғаларын  бірі білсе, енді бірі біле қоймас. Осы оқылықтардың орнын толтыру мақсатыНда ерекше кітаптЫ 1000 данамен жарыққа шығардық. Кітапқа демеушілік білдірген жандарға, жазушыларымызға үлкен алғысымды білдіремін. Бұл кітап – ұлтымыздың өзін-өзі танып-біліп бағалауының игі бастамасы болмақ», – дейді «Алматы қаласы мүзейлер бірлестігінің» КМҚК директоры Әнуар Үмбеталиев.


Күреске толы өмірінде 77 жерден ауыр дене  жарақатын алып, атақты Ойрантөбе  шайқасында қалмақтың  17 батырын ойсырата жеңген баһадүрдің көріпкелділігі, әулиелігі болған. «Есімі ұран болып, су жол берген сайыпқыран Райымбек батыр туралы 1999 жылы естіп, кейін ол жайында танымым кеңейді. Сол кездері қатты күйзеліске ұшырап, өзімді жайсыз сезініп, сергелдеңге түскен едім. Бір танысымның нұсқауымен батырдың басына барып Құран бағыштағанымда, түсіме түйе жетектеген әулие еніп, болашағымның жарқын болатынын ескертті. Кейіннен 22 жылдан кейін тағы да сол атам түсіме еніп, батырдың басына барған едім. Осылайша мәдениет басқармасымен бірлесіп, 3 жыл жарыққа шыға қоймаған кітапты 2 айдың ішінде басып шығардық», – дейді "Ай-продакшн" ЖШС жетекшісі Айнұр Аралбайқызы.



Кітап Райымбек Түкеұлы туралы зерттеулер, эсселер мен мақалалар, ел аузында жүрген аңыздар һәм жыр-дастандар, белгілі ақындардың арнау өлеңдері, баһадүр бабаға қатысты фотосуреттер топтастырылған үш бөлімнен тұрады. ASPAN баспасынан шығарылған танымдық басылым арнаулы және жоғары оқу орындарының студенттеріне, мектеп оқушылары мен қалың оқырман қауымға жол тартпақ.


«Райымбектің  көркем бейнесі арқылы халқымыздың рулық санадан ұлттық санаға өткен шешуші кезеңдері суреттелген. Еліміздің ең ірі мегаполисі, ғылым мен мәдениет ошағы Алматы қаласында батырдың  кесенесі бой түзеп, халқымыздың жасампаз рухын асқақататқан еді. Енді осы кітап арқылы  өткенімізді түгендеп, келешегімізді кемелдейтінімізге сенемін», – дейді Жазушылар одағы басқарма төрағасының орынбасары Бақыт Беделхан.


Батыр бабамыздың қайраткерлігіне арналған мұра жас ұрпақтың сана-сезімін арттырып, ұлттық рухты асқақтатары анық.


 


 


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

21:49

19:02

18:44

18:21

18:04

17:49

17:33

16:55

16:55

16:37

16:15

16:07

15:58

15:19

15:05

14:30

14:22

14:14

13:35

13:10

12:49

12:43

12:32

12:21

12:04