конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Керек кеңес / Кибербуллингтің шариғи үкімі қандай?

Кибербуллингтің шариғи үкімі қандай?

Керек кеңес 15.01.2025, 14:57 1,485 dulatbekova
Кибербуллингтің шариғи  үкімі қандай?
Сурет: Muftyat.kz

Кибербуллинг – бұл интернет немесе басқа да әлеуметтік желі, ұялы телефон арқылы біреуді қорқыту, кемсіту, қорлау.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы кибербулиингтің шариғи үкімі қандай екенін айтты, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

ҚМДБ келтірген дерек бойынша: Шариғатта біреуді қорқытуға, қорлауға, мазақ етуге, айыбын ашуға, кемсітуге тыйым салынған. 

«Уа, иман келтіргендер! Ешбір қауым екінші бір басқа қауымды мазақ етпесін! Бәлкім, солар (мазақ еткендері) өздерінен қайырлы болар. Әйелдер де басқа әйелдерді (мазақ етпесін) бәлкім, солар (мазақ еткендері) өздерінен қайырлы болар. Сондай-ақ өз-өздеріңді даттамаңдар әрі бір-біріңе жаман лақап тақпаңдар ...», - делінген Құранда. 

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай дейді: 

«Мұсылман үшін мұсылман бауырын өзінен төмен санаудан (кемсіту, қорлау) асқан жамандық жоқ. Мұсылманның қаны, дүние-мүлкі және ар-намысы өзге мұсылмандарға – харам». Тағы бір хадисте: «Мұсылманның мұсылманды қорқытуы – халал емес», – деген.

Әс-Сәфәрайни былай дейді: «Кімде-кім жолдастары мен достарының бірін жек көрсе немесе мазақ етсе не мүминнің бірін қорласа, кемсітсе ашық күнә жасапты».

Сондықтан кибербуллингке және буллингтің кез келген түріне (сөз формасындағы буллинг, күш көрсету арқылы қорқыту, реляцион тыйым салынады.

ШЕШІМ:
  1. Кибербуллингке және буллингтің кез келген түріне шариғат тұрғысынан қатаң тыйым салынады.
  2. Әлеуметтік желі, ұялы телефон арқылы жалған ақпарат тарату, оны бөлісу, сондай-ақ біреуді балағаттап, қорлап жазба қалдыру және оған ортақтасып «лайк» басу – күнә іс.
  3. Біреудің жеке жазбаларын, суреттерін, бейнежазбаларын шығарамын деп қорқыту, біреудің дінін не мәдениетін кемсіту және т.б. кибербуллингтің түрлеріне тыйым салынады.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Кибербуллинг #шариғи үкім #ҚМДБ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы экобекеттерінде жыл басынан бері көлік шығарындыларының белгіленген нормадан асқан 13 мыңнан астам жағдайы анықталды

Кеше 17:01

Алматы педагогі «Ұстаз мәртебесі – Ұлт мерейі» республикалық байқауының жүлдегері атанды

Кеше 16:55

Жаңа Конституцияны диалог пен шығармашылық арқылы жүзеге асыру: Алматыда ауқымды жастар науқаны өтуде

Кеше 16:29

Алматыда Медеуден Шымбұлаққа дейінгі аралықта инженерлік инфрақұрылым құрылысы жалғасуда

Кеше 16:16

Алматыда Ұлттық домбыра күні мен Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама дайындалды

Кеше 15:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);