Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Кеңсай зиратындағы өртке қатысты қылмыстық іс қозғ...

Кеңсай зиратындағы өртке қатысты қылмыстық іс қозғалды

Оқиға 07.09.2022, 15:29 1,266
Кеңсай зиратындағы өртке қатысты қылмыстық іс қозғалды
Сурет: Ашық дереккөзі

Алматыдағы өрттердің шығуына екі себеп қарастырылып отыр


Алматы қаласындағы Кеңсай зираты аумағында болған өртке қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Самат Асаинов мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«Кеше Алматыдағы Кеңсай зираты аумағында өрт шықты. Қазіргі уақытта Медеу аудандық прокуратура қызметкерлері ҚР Қылмыстық кодексінің 204-бабы 2-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғады. Қазір тергеу жұмысы жүріп жатыр», - деді Самат Асаинов Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.



Қалалық ТЖД басшысы орынбасарының айтуынша, өрт салдарынан адамдар зардап шеккен жоқ және материалдық шығын келмеген.


Сондай-ақ Алматыдағы өртке байланысты ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары Дмитрий Титов түсінік берді.



«Алматыдағы өрттердің шығуына екі себеп қарастырылып отыр. Бірі – өрт абайсызда шығуы мүмкін немесе өрт қауіпсіздігі ережесін бұзу. Екі жағдай бойынша төтенше жағдайлар және ішкі істер министрлігі қызметкерлері анықтау жұмысын жүргізеді. Егер кінәлі тұлғалар анықталса, олар жауапқа тартылады», - деді ТЖМ өкілі.



Бұған дейін брифинг барысында Кеңсай зиратындағы өрттен 60 молаға залал келгені айтылды.
Еске сала кетсек, Алматыдағы тау бөктерінде қураған шөп өртенгені туралы хабарлаған болатынбыз.
Одан бөлек, Көктөбеден де өрт шыққан еді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Кеңсай #өрт #қылмыстық іс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда TEER технологиясымен бірегей операциялар жасалды

Бүгін 11:38

Ахметбек Қоңырбаев Президент Алғыс хатымен марапатталды

Бүгін 11:37

Тегін оқып, офицерлік шен алып, 100% жұмысқа орналасады: Алматыда ІІМ академиясына қалай түсуге болатынын айтты

Бүгін 11:12

Алматылық спортшы семсерлесуден әлем чемпионатында тарихи медаль жеңіп алды

Бүгін 10:55

ІІМ алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертті

Бүгін 10:50
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика