конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Кеңгір су қоймасы мемлекет меншігіне қайтарылады

Кеңгір су қоймасы мемлекет меншігіне қайтарылады

Әлеумет 27.09.2024, 17:12 1,515
Кеңгір су қоймасы мемлекет меншігіне қайтарылады
Сурет: Gov.kz

Ұлытау облысындағы Кеңгір су қоймасы мемлекет меншігіне қайтарылады.

Бұл туралы облыс тұрғындарымен кездесу барысында Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов мәлімдеді, деп хабарлайды aqshamnews.kz Су ресурстары мен ирригация министрлігіне сілтеме жасап. 

Бүгінгі таңда су қоймасын мемлекетке қайтару процесі аяқталуға жақын. Нысан осы жылдың соңына дейін Су ресурстары және ирригация министрлігінің «Қазсушар» республикалық кәсіпорнының балансына көшуі тиіс.

Кеңгір – Ұлытау облысындағы ең ірі су қоймасы. Оның жалпы көлемі 319 миллион текше метр.

🗣️
«Кеңгір су қоймасы аймақтағы судың негізгі көзі болып табылады. Жергілікті тұрғындар судың сапасына, оның тиімсіз пайдаланылуына және экологиялық мәселелерге алаңдаушылық білдіріп отыр. Нысандағы гидротехникалық құрылыстар апатты жағдайда. Су қоймасын мемлекет меншігіне қайтарғаннан кейін біз қордаланған мәселелерді шешу үшін ең алдымен көп факторлы зерттеу жүргіземіз», – деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Сондай-ақ, Ұлытау облысының тұрғындары министрге өңірді ауыз сумен қамтамасыз ету, ауыз судың сапасын жақсарту, жерасты су құбырларын жөндеу және жергілікті су айдындарының экологиялық жағдайы туралы сұрақтарын қойды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Кеңгір #су қоймасы #Мемлекет меншігі
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Заң мен тәртіп»: Қазақстандағы қылмыстың деңгейі 10 пайызға төмендеді

Кеше 18:00

Аида Балаева медициналық қызмет сапасын бақылауды күшейтуді тапсырды

Кеше 17:03

Қазақстанда 7,7 млн тонна астық жиналды

Кеше 16:00

Қазақстан дәрі-дәрмек өндірісін арттырып, медицинаны жаңғыртуға басымдық беруде

Кеше 15:04

Алматының бас полицейі мектептердің жаңа оқу жылына дайындығын тексерді

Кеше 14:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);