Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / «Кемпіршуақ»

«Кемпіршуақ»

Әлеумет 12.10.2023, 06:12 1,722
«Кемпіршуақ»
Сурет: Самат Құсайынов

Әлемнің әр жерінде әр мезгілде аталып жүрген күздің соңғы жылы амалы туралы не білесіз, оқырман?..


Өткен аптада басталған «Кемпіршуақ» амалы жалғасуда. Бұл атаудың әлі күнге құлаққа тосын естілетіні жасырын емес. Оның да өзіндік сыры бар. Қалалық жердің тұрғындары көбіне-көп бұл сөз тіркесін естімей өсті.


Олар «Бабье лето» дегенді естіді. Орыстың «Бабье лето» амалы қыркүйек айының жиырмасында келіп, бір аптаға созылады. Ал «Кемпіршуақ» болса қазан айының басында басталып он-он бес күнге ұласады. Екі ортада «Мизамшуақ» (қыркүйектің соңғы аптасында) амалы бар. «Кемпiршуақ» сөзiнiң қайдан шыққанына келейiк. Малсақ бабаларымыз төрт түлiгiн күйіттеп күн кешкен ғой. Күн ұзақ мал соңында жүрiп, қайтып келе жатқан қариялар киiз үйдiң күн жақ бетiнде жүн тазалап, сабау сабап отырған кемпiрлерiн, астықты келiге салып түйiп жатқан келiндерiн көрiп: «Кемпiршуақ» келiп қалыпты-ау» дейтiн болған. Кей өңiрлерде «келiншуақ» деп те атаған. «Кемпіршуақ» әр елде климаттық ерекшеліктеріне байланысты әртүрлі уақытта болады. Орталық Еуропада көбінесе 14 қыркүйекте басталып, 2 аптаға созылса, Солтүстік Америкада қыркүйектің соңында болады. Оңтүстік Сібірде қазан айының басында күн жылына бастайды. Қазақстанда да дәл солай. «Кемпіршуақ» кезінде көбінесе ауа құрғақ болады. «Егер «кемпіршуақ» құрғақ болса, күз жаңбырлы болады, керісінше «кемпіршуақ» жаңбырлы болса, күз құрғақ болады» деген бұрынғылардан жеткен сөз бар. Осы құбылыс кезінде өрмекшілер көбейіп, торлары ұшып жүрсе, күз жылы, қыс салқын болады деген де тұжырым қалыптасқан. Мына ғажапты қараңыз, кейбір жылына 1 рет қана гүлдейтін өсімдіктер осы кезде тағы бір мәрте гүлдейді екен… Жастар былай тұрсын, қалада ғұмыр кешіп келе жатқан 50-дегі жігіт ағасы мен самай-шашын қырау шалған 60-тағы қарияның көбісі бұл атаудың мазмұнына мән бермейтіні өкінішті-ақ. Мұқағали ақын Алматы туралы бiр өлеңiнде:


«Сұлулығың сорың ғой маңдайыңда,


Тағдырың тұр таңылып тал-қайыңға.


Бөзiң кеттi бiреудiң борбайында,


Сөзiң кеттi бiреудiң таңдайында...», – деп күйзеле жырлайды. Осындай енжар, салғырт қалпымызға налыған шығар-ау. Бұрынғылар қазан айының 6-7-сіне «кiшi қазан», 14-15-теріне «үлкен қазан» болады деп сақтанған. «Қазан айының онынан «Қара жел» амалы басталады. Жаңбыр жауады, қураған шөптер жібіп, кейбірін қазан ұрады. Күн кенеттен күрт суытып, шөптерге ертеңгілік ақ шық түсіп, ылғал молая түседі...» деген. Бұл пайым бойынша. Бұрынғылардың болжамы. Осы кезді қазақ «Ақ шық» амалы деп те атаған. Жоғарыда сөз еткен «Кемпіршуақ» амалының әсерінен салқындық көрініс бермеді. Өткінші сылбыр жаңбыр ғана оқта-текте жауып тұр... Бүгін өтіп жатқан айдың – 12-сі, ай жүйесі бойынша қазанның – 27-сі, ескіше айдың бітуіне 13 күн бар. Аспан денелерінің қозғалысы ауа райы құбылмалы болатынын аңғартқандай.


БАБАЛАР БОЛЖАМЫ


Табиғат пен жәндіктер әрекетіне қарап жасалған жорамал:



  • Күзде құйын көп болса, қыс аязды болады.

  • Күз найзағайлы болса, қыс жайлы болады.

  • Бұлт желге қарай көшетін болса, ұзамай жаңбыр жауады.

  • Жылан мезгілінде ұйықтамаса, күз ұзақ әрі жылы болады.

  • Қыс қатты болатын болса, тиін ұясын төмен жерге, жылы болса, жоғарыға салады

Телеграм арнаға жазылыңыз
#кемпіршуақ #күн #жылы #күз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «жасыл» энергетикаға арналған халықаралық арт-көрме өтеді

Бүгін 09:34

Алматыда қазақ жазушылары марапатталды

Бүгін 09:07

Мемлекеттік қызметке қабылдау онлайн форматқа өтті

Бүгін 09:00

Бүгін еліміздің 13 өңіріне дауылды ескерту жарияланды

Бүгін 08:54

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Кеше 18:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика