AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Келісімшартсыз жұмыс істеген: Шымкентте 24 жастағы...

Келісімшартсыз жұмыс істеген: Шымкентте 24 жастағы жігіт биіктен құлап қаза тапты

Оқиға 02.10.2025, 10:05 633 Сұлу
Келісімшартсыз жұмыс істеген: Шымкентте 24 жастағы жігіт биіктен құлап қаза тапты
Видео кадры

Шымкентте 24 жастағы Үмітжан Балтабаев бесінші қабаттан құлап қайтыс болды. Ол жалдамалы құрылысшы болған.Марқұмның жақындары құрылыс алаңында қауіпсіздік талаптары сақталмағанын айтып, кінәлілердің жауапқа тартылуына талап етіп отыр, - деп хабарлайды Аqshamnews.kz тілшісі  “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап.

Ұлын жұмысына аттандырған Фатима Ибрагимова екі сағаттан кейін баласы туралы суық хабар алған.

“Өз қолыммен жұмысқа жібердім. Екі сағаттан кейін балаң қайтыс болыпты деп естіртті. Мен жынды болып қалайын дедім. Екі сағаттан кейін өліп қалайын деп. Бесінші этаждан құлаған. Жерге түскен бе, басқа жерге түскен бе оны білмеймін. Соны мен білгім келіп жатыр. Қалай менің балам қалай жерге түскен”, – дейді марқұмның анасы.

Қайғылы оқиға Шымкент қаласындағы тұрғын үй кешені салынып жатқан алаңда болған. Үмітжан Балтабаев мердігер компанияға келісімшартсыз жалданып, қара жұмыс істеген. Марқұммен бірге ауылдағы досы да еңбек еткен. Ол құрылыс аумағында ешқандай техникалық әрі қауіпсіздік талаптары сақталмағанын айтады.

“Баспалдақ саңылауына кетіп бара жатқанда ашық жатқан лифт бар. Сол жаққа былай көзім түсті. Аяқ киім көргеннен кейін басымды тықсам, жатыр. Қауіпсіздік техникасы жоқ. Мысалы, басқа нысандарға барсаң лестницы проём жабық болады. Баспалдақ саңылауы жабық болады. Оған адам кіре алмайды”, – дейді Үмітжанның досы Азизбек Закиров.

Қара жамылған отбасы бұл жағдайды құзырлы орган өкілдері тексеріп, кінәлі адамдарды жауапқа тартсын деп отыр. Айтуларынша, тәртіп сақшылары мән-жайды анықтауға асықпайды. Қазір жұмысшы өлімі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр екен.

“Полициямен аталған жазатайым оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Тергеу аяқталғаннан кейін іс бойынша процессуалдық шешім қабылданады”, – деді Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Құрылыс компаниясының өкілдері сұхбат беруден бас тартты.

Марқұм Үмітжан Балтабаев үйінде 4 ұлдың тұңғышы. 7 жасында әкесінен айырылған жас жігіт үйінің жалғыз асыраушысы болыпты. Туыстары жігіттің жуырда шаңырақ көтеруді де жоспарлап жүргенін жеткізді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#шымкент #құрылыс #өлім
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);