AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Келесі жылы ҰБТ сәуірде өтуі мүмкін

Келесі жылы ҰБТ сәуірде өтуі мүмкін

Білім және ғылым 31.10.2022, 05:31 1,519
Келесі жылы ҰБТ сәуірде өтуі мүмкін
Сурет: Diapazon.kz

Өзгерістер тестілеу орталығы тарапынан жоба ретінде ұсынылған.


Енді мамыр айында тестілеу өткізілмеуі мүмкін, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 


2023 жылы негізгі ҰБТ сәуір және шілде айларында өтеді деп жоспарланып отыр. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев  айтты.


Оның айтуынша, жыл сайын негізгі ҰБТ мамыр және маусым айларында өткізіліп келді, енді оған өзгеріс енгізу үшін арнайы жоба әзірленген.



«Биылғы жоспар бойынша бірінші мүмкіндікке тіркелу наурыз айында ашылады. Алғашқы тестілеуді сәуір айында өткізудің бірнеше себебі бар: біріншіден, мамыр айында мереке көп. Екіншіден, биылғы оқу жылында соңғы қоңырау 31 мамырда өтеді. Оқушылардың бар ойы соңғы қоңырауды өткізуде болады», – деді Руслан Тохтарұлы.



Ұлттық тестілеу орталығы Ғылым және жоғары білім министрлігіне ұсынған жаңа жобада жауап нұсқаларының саны өзгертілген. Яғни бір дұрыс жауабы бар тест тапсырмаларында нұсқалар саны 5-тен 4-ке дейін, бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар тест тапсырмаларында (үш дұрыс жауаптан көп емес) нұсқалар саны 8-ден 6-ға дейін азаяды.


Сондай-ақ ҰТО директоры Руслан Емелбаевтың айтуынша, сұрақтар саны да өзгереді. «Оқу сауаттылығы» бойынша 15 сұрақ: 5 сұрақтан 3 мәтін (200-350 сөз) беріледі, ал «Қазақстан тарихы» бойынша 20 сұрақ: бір дұрыс жауапты 10 тапсырма, мәнмәтін негізінде 10 тапсырма беріледі.


 


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#тест #ҰБТ #сәуір
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Азаматтардың басым бөлігі алдағы Құрылтай сайлауына қатысуға дайын екенін білдірді

Бүгін 16:52

Қасым-Жомарт Тоқаев Deutsche Bahn компаниялар тобының басшыларымен кездесті

Бүгін 16:45

Алматылық оқушылар қарттарға құрмет көрсетті

Бүгін 16:45

Қоғам Тоқаевтың армияны реформалау туралы шешімін қолдайды  

Бүгін 16:40

Алматыда заңсыз жарнама құрылымдарын алып тастау жұмыстары жалғасып жатыр

Бүгін 16:36
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);