AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Келесі жылы eHealth ақпарат жүйесі іске қосылады

Келесі жылы eHealth ақпарат жүйесі іске қосылады

Медицина 11.04.2022, 09:41 1,906
Келесі жылы eHealth ақпарат жүйесі іске қосылады
Сурет: Inform.kz

Жүйе аясында азаматтардың ұлттық электрондық денсаулық паспортын жасау, микросервистік архитектураны пайдалануға көшу және анықтамалық мәліметтер базасын құру көзделген.


ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов Мәжіліс өкілдерінің депутаттық сауалына жолдаған жауабында денсаулық сақтау жүйесін цифрландыру бағытында eHealth ақпарат жүйесін 2023 жылы іске қосу көзделгенін айтты



«Қазіргі таңда денсаулық сақтау жүйесін цирфландырудың негізгі міндеті – Денсаулық сақтау министрлігі мен оның бағынысты ұйымдарының бытыраңқы жатқан ақпараттық жүйелерін біріктіру. Бұл мәселені шешу үшін eHealth атты денсаулық сақтаудың жаңа цифрлық электрондық сәулетіне көшу жүзеге асырылып жатыр. Соның аясында азаматтардың ұлттық электрондық денсаулық паспортын жасау, микросервистік архитектураны пайдалануға көшу және анықтамалық мәліметтер базасын құру көзделген», - деп жазады Ералы Тоғжанов.



Оның сөзіне қарағанда, eHealth жүйесінің құрамдас бөліктерін іске қосу 2022 жылға жоспарланған. Ал жүйенің өзі 2023 жылы толық жұмыс істей бастайды.



«Қазір денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйелерін модификациялау, eHealth ядросының базалық бөлшектерін әзірлеу жұмыстары жүріп жатыр. Модификация аясында «цифрлық еркіндік» қағидатын қамтамасыз ету көзделген. Бұл қағидат бойынша медициналық ақпарат жүйелері араснында деректерді жоғалтпастан алмасу жоспарланып отыр. Бұл медициналық ұйымдардың медициналық ақпарат жүйелеріне тәуелдігін жояды. Қазіргі таңда «Вакциналау», «Вакциналаудың электронды паспорты», «Клиникалық ақпараттың орталық сақтағышы» сияқты модульдер жасалды», - делінген вице-премьердің жауабында.



Сондай-ақ, Ералы Тоғжанов елдегі педиатр мамандардың тапшылығы қалай шешіліп жатқанын айтып берді.




Телеграм арнаға жазылыңыз
#eHealth #денсаулық сақтау #жүйе
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы балаларға арналған бірегей оталардың алаңына айналды

Бүгін 19:24

Қасым-Жомарт Тоқаевқа KEDEN, SmartCargo ақпараттық жүйелері мен көлік-логистика саласындағы цифрлық жобалар көрсетілді

Бүгін 18:26

Мемлекет басшысы GITEX AI Central Asia & Caucasus көрмесіне барды

Бүгін 18:20

Мемлекет басшысына Defense Tech қорғаныс пен қауіпсіздік саласындағы инновацияларды қолдау орталығы көрсетілді

Бүгін 18:16

Мемлекет басшысы Presight AI басқарма төрағасы Томас Прамотедхамды қабылдады

Бүгін 18:13
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);