AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Kaspi.kz Түркияда Rabobank A.Ş. сатып алуға реттеу...

Kaspi.kz Түркияда Rabobank A.Ş. сатып алуға реттеушінің мақұлдауын алды

Әлем Бүгін 18:32 43 yakiya
Kaspi.kz Түркияда Rabobank A.Ş. сатып алуға реттеушінің мақұлдауын алды
Kaspi.kz

Мәміле барлық стандартты талаптар орындалған жағдайда 2026 жылдың шілде айында жабылады деп күтілуде, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Kaspi.kz бүгін Түркияның Банктік реттеу және қадағалау агенттігінен (BDDK) түркиялық Rabobank A.Ş. -ті сатып алуға рұқсат алғанын хабарлады.

Kaspi.kz басшысы әрі негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе:

«Біз Түркиядағы Rabobank A.Ş.-ты сатып алуға BDDK мақұлдауын алғанымызға қуаныштымыз. Бұл Kaspi.kz үшін маңызды кезең және түрік нарығында бизнесімізді дамытудағы үлкен жетістік. Жұмыс барысында өзара тиімді әрекет еткені үшін BDDK мен тиісті органдарға алғыс айтамыз.

Kaspi.kz – қазақстандық жетекші технологиялық компания, Түркияда бизнесімізді дамыту біз үшін үлкен мәртебе. Мәміле аяқталғаннан кейін біз Түркиядағы тұтынушылар мен кәсіпкерлер үшін цифрлық мүмкіндіктерді кеңейте отырып, төлемдер, электрондық коммерция және қаржытех саласындағы тәжірибемізді қолдануды жоспарлап отырмыз. Бұл бағыттағы жұмысымыз енді ғана басталып келеді және Kaspi.kz-тің алдағы мүмкіндіктеріне зор ықыласпен қараймыз».

Бұған дейін Kaspi.kz Rabobank тобымен Rabobank-тың түркиялық еншілес компаниясы – Rabobank A.Ş.-ты сатып алу туралы акцияларды сатып алу-сату шартына қол қойған болатын.

Rabobank A.Ş. – Түркиядағы лицензиясы бар банк, оның қарыз алушы клиенттері де, салымшылары да, сондай-ақ филиалдық желісі де жоқ.

Kaspi.kz туралы

Kaspi.kz миссиясы – сүйікті клиенттері мен серіктестерінің өмірін жақсартатын инновациялық өнімдер мен сервистерді жасау.

Kaspi.kz сервистерін Қазақстан мен Түркияда 25 миллионнан астам клиент және 900 мың серіктес пайдаланады.

Қазақстанда Kaspi.kz суперқосымшасы төлемдерді, электрондық коммерцияны, онлайн-супермаркетті, финтех қызметтерін, саяхат сервистерін, хабарландыруларды, мемлекеттік қызметтерді және күнделікті өмірге қажетті басқа да қызметтерді біріктіреді.

Түркияда Kaspi.kz елдегі жетекші электрондық коммерция платформаларының бірі болып саналатын Hepsiburada компаниясына иелік етеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#лицензия
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы спортшылары стенд атудан әлем чемпионы атанды

Бүгін 18:43

Алматыда Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 18:29

Алматының орталығында заңсыз сауда нысандары сүрілді

Бүгін 18:27

Бұтақты шатқалында инженерлік инфрақұрылым жаңғыртылып жатыр

Бүгін 18:24

Алматыда 31 мыңнан астам бала бірінші сыныпқа барады

Бүгін 17:56
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);