Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Каспий апатты жағдайда

Каспий апатты жағдайда

Әлеумет 02.04.2025, 14:51 640
Каспий апатты жағдайда
Сурет: techinsider.ru

Мәжіліс депутаты Сергей Пономарев Қазақстан аумағындағы теңіз акваториясында жұмыс істейтін барлық мұнай жобаларына халықаралық экологиялық аудит жүргізуді талап етті, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Депутаттың айтуынша, 2005-2023 жылдар аралығында Каспий теңізінің деңгейі 185 см-ге төмендеп, су бетінің ауданы 31 мың шаршы шақырымға азайған. Бұл шамамен Бельгия аумағына тең. Орташа есеппен теңіз жылына 10 см-ге шегініп отыр, ал кей жылдары бұл көрсеткіш 25 см-ге жеткен.

NASA Earth Observatory мәліметтеріне сәйкес, 2008-2023 жылдар аралығында Каспий теңізінің Қазақстанға тиесілі бөлігі 7%-ға қысқарған. Мұндай қарқынмен жалғаса берсе, Солтүстік Каспий алдағы 75 жылда толықтай жойылып кетуі мүмкін.

Сергей Пономарев өз сөзінде NCOC және Теңізшевройл сияқты ірі мұнай компанияларын экологиялық нормаларды елемейді деп айыптады. Депутаттың айтуынша, бұл компаниялар айыппұлдарды даулаумен немесе оларды басқа төлемдер есебінен жабу арқылы жауапкершіліктен жалтарады.

Осыған байланысты депутат бірнеше нақты ұсыныс айтты:
    •    Мұнай компанияларына экологиялық талаптарды қатаңдату;
    •    Жүйелі заң бұзушылықтар үшін олардың лицензияларын уақытша тоқтату;
    •    Каспийдегі барлық мұнай жобаларына халықаралық аудит жүргізу;
    •    ҚазКаспийТеңізҒЗИ-ға республикалық мемлекеттік кәсіпорын (РМК) мәртебесін беру.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде Каспий теңізінің жағалауы қалай шегініп бара жатқаны бейнеленген видеолар мен фотосуреттер кеңінен тараған болатын. Ғалымдар теңіз деңгейінің 5-10 метрге төмендеуі бүкіл аймақтың биоалуантүрлілігі мен тұрғындарының өміріне апатты әсер етуі мүмкін екенін айтып дабыл қағуда.

Депутаттың пікірінше, экологиялық қауіп нақты шешімдер мен батыл қадамдарды талап етеді. Егер тиісті шаралар уақытында қолға алынбаса, Қазақстан табиғи және экономикалық дағдарысқа тап болуы мүмкін.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Каспий #депутат #ұсыныс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Бүгін 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Бүгін 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Бүгін 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Бүгін 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Бүгін 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика