Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Кәсіпорындар жаңа ынталандыру шарасының артықшылығ...

Кәсіпорындар жаңа ынталандыру шарасының артықшылығын пайдаланады

Әлеумет 15.05.2025, 15:31 689
Кәсіпорындар жаңа ынталандыру шарасының артықшылығын пайдаланады
gov.kz

2024 жылдың 12 мамырынан бастап Қазақстанда алғаш рет өнеркәсіптік кәсіпорындардың технологиялық жабдық сатып алуға жұмсалған шығындарын өтеу тетігі іске қосылды. Өңдеу өнеркәсібі саласындағы кәсіпорындар жұмсаған қаражаттарының 40 пайызына дейін қайтарып алуға мүмкіндік алды, деп хабарлайды aqshamnews.kz

«QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ аталмыш қолдау тетігінің бір жылдағы нәтижесін жариялады.

«Шығындарды өтеудің жаңа тетігі іске қосылған сәттен бастап бір жыл ішінде біздің орталық 1,1 миллиард теңгеге кәсіпорындардың технологиялық жабдық сатып алуға жұмсаған шығындарының бір бөлігін өтеді», – деп хабарлады  «QazIndustry» АҚ Бизнесті ынталандыру дирекциясы.

Кәсіпорындар 3D-сканерлер, 3D-принтерлер және кең форматты принтерлер сияқты заманауи цифрлық шешімдермен қоса, технологиялық жабдықты сатып алуға жұмсаған шығындарының 40%-ын (бірақ 60 миллион теңгеден аспайтын) өтеуге мүмкіндігі бар.

Жаңа қолдау шарасын пайдаланған кәсіпорындар қатарында Алматы желдеткіш зауыты, «Майами Solar», «ANNC Construction», «Мехлитком», «Barys E&T», «Temir SAK» және басқа да компаниялар бар.

Мысалы, фиброцементті қасбеттік тақталар өндіруге маманданған ANNC Construction зауытына QazIndustry бояу желісін сатып алу шығындарының бір бөлігін өтеді. 44 миллион теңге көлеміндегі өтемақы кәсіпорынға өндірісті одан әрі жаңғыртуға және өнімнің өзіндік құнын едәуір төмендетуге мүмкіндік берді.

«Өтемақы алу үшін кәсіпорын өтінімді тапсырмас бұрын кемінде бір жыл жұмыс істеп, салықтар мен міндетті төлемдер бойынша қарызы болмауы керек. Сонымен қатар, соңғы үш жылдағы салық төлемдерінің өсуін көрсету қажет. Бұл шарт үш жылдан аз уақыт бұрын тіркелген компанияларға қатысты емес», – деп атап өтті «QazIndustry» АҚ Бизнесті ынталандыру дирекциясының басшысы А.Сағиев.

QazIndustry мәліметі бойынша, жаңа мемлекеттік қолдау шарасы кәсіпорындар арасында жоғары сұранысқа ие бола бастады. Қолдау шарасы іске қосылған сәттен бері орталыққа кәсіпорындардан 340-тан астам өтінім түскен.

Естеріңізге сала кетейік, мемлекет кәсіпорындарға еңбек өнімділігін арттыру және ішкі нарықта өнімді ілгерілетуге бағытталған шығындардың бір бөлігін өтейді. Өтемақы мөлшері 40%-тан 50%-ға дейінгі мөлшерді құрайды. Бұл қолдау шаралары тек бизнеске ғана емес, бүкіл ел экономикасына да пайдалы: компаниялардың пайдасының өсуі салық түсімдерінің артуына ықпал етеді.

Мемлекеттік ынталандыру шараларының шарттарымен келесі сілтеме арқылы танысуға болады  https://qazindustry.gov.kz/ru/business_support және әр сейсенбі, бейсенбі күндері QazIndustry ғимаратында (Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 17, Е блогында) өтететін Ашық есік күндеріне келу арқылы білуге болады.

Анықтама телефоны: +7 (7172) 79 33 99 (ішкі 444).

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #кәсіпорын #қаржы #өтемақы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Бүгін 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Бүгін 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Бүгін 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Бүгін 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Бүгін 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика