ffin.kz

Кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі ұлттық жоба аясында 3,5 млн адам жұмыспен қамтылады

Кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі ұлттық жоба аясында 3,5 млн адам жұмыспен қамтылады www.inform.kz

Мемлекет басшысының мемлекеттік бағдарламаларды ұлттық жобаларға трансформациялау жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында кәсіпкерлік белсенділікті арттыруға, кәсіпкерлердің өсуін жеделдетуге және жаңа нишаларды қалыптастыруға, сондай-ақ бәсекелестікті кешенді дамытуға бағытталған Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы  әзірленді және бекітілді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz 


Ұлттық жобаны іске асыру барысында 2025 жылға қарай ЖІӨ-дегі шағын және орта кәсіпкерліктің үлесі 35%-ға дейін ұлғаяды, ЖІӨ-дегі туризм көлемінің өсуі 8,4 трлн теңгеге дейін өседі, экономикадағы мемлекеттің үлесі 14%-ға дейін төмендейді және 995,3 мың жұмыс орны құрылады деп жоспарлануда.


Ұлттық жоба 10 міндетті көздейді, оның 3-еуі халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесуге бағытталған: өз ісін ашу және дамыту үшін жағдай жасау, субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру арқылы кәсіпкерлерді қолдау және кәсіпкерлердің қажеттіліктеріне қарай дағдыларды дамыту.



Бірінші міндет шеңберінде аудандардың мастер-жоспарлары жасалады, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлікке оқыту жүргізіледі, сондай-ақ жас кәсіпкерлер мен халықтың әлеуметтік осал топтары қатарындағы азаматтарға жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға микрокредиттер мен гранттар берілетін болады.


Екінші міндетті іске асыру субсидиялау арқылы жұмыс берушілердің ынтасын арттыруға арналған өзекті құралдардың көмегімен, ал жас мамандар үшін өз дағдыларын арттыруға, кәсібін табуға немесе уақытша жұмысқа орналасуға мүмкіндік беру арқылы жүзеге асырылады.



Осылайша, «Жастар практикасы», «Алғашқы жұмыс орны», «Ұрпақтар келісімшарты» жобаларының арқасында 29 жастан аспаған, мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі жоқ, жақында оқуын аяқтаған немесе мүлдем жоқ адамдарға түрлі қолдау шаралары көрсетілетін болады. Бұл жобалармен 140 мыңнан астам адамды қамту жоспарланып отыр.


Зейнеткерлік жас алдындағы адамдар үшін «Күміс жас» жобасы іске асырылатын болады, оның шеңберінде 20 мың адам қолдау алады.


Жалпы, 2021-2025 жылдар ішінде жұмыс орындарын субсидиялау шараларымен 637 мыңнан астам адам қамтылатын болады, уақытша жұмыспен қамтылғаннан кейін тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналасу деңгейі 70% - ға жетеді, субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыруға қатысатын жеке сектор кәсіпорындарының үлесі 50%-дан 70%-ға дейін өседі.



«Электрондық еңбек биржасында түйіндеме орналастыру немесе бос жұмыс орындарын іздеу кезінде өтінім беруге және курстан өтуге болады, ізденушіге тиісті өтінім беру жеткілікті болады. Курс аяқталғаннан кейін және жұмыс беруші талап ететін дағдыларды игергеннен кейін жұмыс іздеуші дағдыларды игеру туралы сертификат алады және ашық бос орынға шығады», – деп хабарлады Руслан Тілеубаев.



5 жыл ішінде қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен 205 мың азамат қамтылатын болады, ал 2025 жылға қарай оқудан кейін жұмысқа орналастыру деңгейі 52-ден 80%-ға дейін ұлғаяды.



Ұлттық жобаны іске асыру барысында барлығы 100 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылады. 3,5 млн. адам жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен қамтылып, 1,7 млн адам тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналасып, табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен 6,5%-ға төмен ауыл халқының үлесі азаяды. Жұмыссыздық деңгейі 4,7%-ға дейін төмендейді, ал халықтың нақты ақшалай кірістерінің өсуі 27,1% деңгейіне шығады.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:47

17:15

16:46

16:16

15:45

15:15

14:44

14:14

13:02

12:45

12:22

11:49

11:11

10:50

10:09

17:43

17:13

17:12

16:43

16:09

15:49

15:10

14:44

14:14

13:43