AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Кәсіпкерлерге берілетін көмек

Кәсіпкерлерге берілетін көмек

Әлеумет 24.03.2023, 17:42 995
Кәсіпкерлерге берілетін көмек
Сурет: ашық дереккөз

Алматыда кәсіпкерлерді қолдауға арналған қандай гранттар бар екені айтылды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.



Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының мәліметінше, 2022 жылы Алматы қаласында ШОБ-ты қолдауға арналған мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар шеңберінде 48,1 млрд теңге бөлінген. Осы жылы да бизнесті қолдау және дамыту бойынша мемлекеттік және өңірлік бағдарламалардың бірқатары іске асырылып жатыр.



«Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» шеңберінде жылдық 6% бойынша ең жоғары сомасы 3 млрд. теңгеге дейінгі сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау мүмкіндігі көзделген. Ұлттық жобаның өңірлік үйлестірушісі, яғни Алматы қаласының кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы жыл сайын экономиканың басым салаларында шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін өтеусіз негізде 5 млн. теңгеге дейін мемлекеттік гранттар беру бойынша конкурс өткізеді, – деп анықтама берді Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы.



Сондай-ақ қалалық басқарма дерегінше, кәсіпкерлерге көмек беру үшін Алматы қаласының әкімдігімен «Almaty Business – 2025» кәсіпкерлікті дамытудың өңірлік бағдарламасы әзірленген. Осы бағдарлама шеңберінде «Almaty Finance» ЖШС және «Almaty «МҚҰ»» ЖШС компаниялары құрылып, онда 500 млн теңгеге дейінгі сомада жылдық 2%, 6% және 12% жобаларды қаржыландырудың сараланған тәсілі қолданылады.


Алматы қаласының әкімдігі бастамасымен іске асырылып жатқан жобаларының қатарында – «JANA BUSINESS» өңірлік бағдарламасы («Даму» кәсіпкерлік дамыту Қорымен бірлескен бағдарлама) бар. Жоба талаптары бойынша субъектілер үшін қарыз бойынша сыйақының номиналды мөлшерлемесі жылдық 6%-дан аспайды және қарыздың ең жоғары сомасы – 100 млн теңге.



Жалпы, 2022 жылы мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар (Ұлттық жоба, Қарапайым заттар экономикасы, АӨК, «Алматы бизнес – 2025», «Жаңа бизнес») шеңберінде 48,1 млрд теңге бюджет қаражаты бөлінді. Жалпы сомасы 131,5 млрд теңгеге 3 448 ШОБ жобасы қаржыландырылды, – деп хабарлайды қалалық басқарма.



Айта кеткен жөн, Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы кәсіпкерлерге консультациялық қызмет алу үшін келесі мекенжайға баруға кеңес береді: Кәсіпкерлер толық консультациялық қызметті тегін «Qoldaý» кәсіпкерлік орталығынан ала алады. Нақты мекен-жайы: Алматы қаласы, Байзақов көшесі, 303, 2 қабат.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#кәсіпкерлер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазгидромет ауа райына байланысты ескерту жариялады

Бүгін 08:56

Ертең Алматыда жалпықалалық сенбілік өтеді

Кеше 19:28

Абай алаңында әжелер подиумға шығып, сән көрсетті

Кеше 18:01

Алматыда «KitapFest-2026» ауқымды екі күндік кітап фестивалі өтті

Кеше 17:46

Көктем мерекесі Алматы төрінде: Абай алаңындағы концерт пен қолөнер жәрмеңкесі

Кеше 17:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика